Қазақстан • 18 Қаңтар, 2019

Қостанайда екі жылда жаңа тұрғын ауданда 30 көп қабатты тұрғын үй салынады

535 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Жалпы облыста өткен жылы «Нұрлы жол» бағдарламасы шеңберінде барлық қаржы көздері есебінен 299,3 мың шаршы метр тұрғын үй салынды, оның ішінде аренделық тұрғын үйдің көлемі 35 мың шаршы метр болды. Барлық салынған тұрғын үй көлемі 2017 жылға қарағанда 13 процентке көп. Биыл 2,6 миллиард теңгеге 6 арендалық тұрғын үй салынады Бұл қаржы өткен жылға қарағанда бір миллиард теңгеге көп.

Қостанайда екі жылда жаңа тұрғын ауданда 30 көп қабатты тұрғын үй салынады

Құрылыс негізінен Қостанай қаласындағы «Аэропорт», «Юбилейный» және «Қонай» жаңа бой көтерген шағын тұрғын аудандарында жүргізіледі Көп қабатты үйлер «Қонай» шағын тұрғын ауданында салынады. Мұнда екі жылда көлемі 97 мың шаршы метрге жуық көп қабатты 30 тұрғын үй салынады деп жоспарланған. Оның 18-і биыл, қалғаны 2020 жылы бой көтереді. 2019 жылы көлемі 234,8 мың шаршы метр болатын 38 көп қабатты үй салынады.

Нәзира Жәрімбет,

«Егемен Қазақстан»

Қостанай