Қысқы спорт • 18 Қаңтар, 2019

Павел Колмаков пен Дмитрий Рейхерд әлем кубогінің финалына өтті

382 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Фристайлдан Лейк-Плэсид (АҚШ) қаласында өтіп жатқан әлем кубогі кезеңінде қазақстандық могулшылар финалдық кезеңге өтті деп хабарлайды Olympic.kz. 

Павел Колмаков пен Дмитрий Рейхерд әлем кубогінің финалына өтті

Ерлер арасындағы іріктеу сынында қазақстандық Павел Колмаков Олимпиада чемпионына ғана есе жіберіп, екінші орында тұр. Ол 82.51 ұпайға қол жеткізді.

Бірінші орында 83.97 ұпай жиған канадалық Микаэль Кингсбери. Үздік үштікті франциялық Бенджамин Кавет қорытындылап тұр. 

Тағы бір қазақстандық спортшы Дмитрий Рейхерд 79.82 ұпаймен 5-ші сатыға жайғасты. 

Спортшыларымыз 18 қаңтар күні өтетін финалда бақ сынайды. Еске сала кетейік, Юлия Галышева да ақтық сынға жолдама алған болатын.