Мультимедиа • 18 Қаңтар, 2019

Апта фотосы: инспектор Ерлан Нұрғалиев

1134 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Өткен аптада қоғамда талқыға түскен көптеген жаңалық болды. Соның бірі - «Охотзоопром» ӨБ» РМҚК инспекторы Ерлан Нұрғалиевтың қазасы. 

Апта фотосы: инспектор Ерлан Нұрғалиев

Ол сирек кездесетін және құрып кету қаупi төнген жабайы аңдар мен ақбөкендерді қорғау бойынша іс-шараларды жүргізу барысында браконьерлердің қолынан ауыр жарақат алып, көз жұмды.

Көпшіліктің назарын аударған қайғылы оқиғаның басты кейіпкері Ерлан Нұрғалиевтің фотосуретін «Egemen Qazaqstan» газеті «Апта фотосы» ретінде жариялайды.

53 жастағы Ерлан Нұрғалиев Ақмола облысында дүниеге келген. 2012 жылдың наурызынан бастап «Охотзоопром» ӨБ» РМҚК Қарағанды тірек пунктінде Орталық аймақтық филиалдың инспекторы қызметін атқарды.

Суретті автор Оспан Али өзінің инстаграм парақшасында 2018 жылы 28 мамыр күні жариялаған болатын. Алайда фото инспектор Е.Нұрғалиев қаза тапқаннан кейін әлеуметтік желіде кеңінен таралды.