Қазақстан • 18 Қаңтар, 2019

Атырауда қазақтың үш биіне ескерткіш орнатылды

980 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Облыстық сот ғимаратының алдына қазақ билерінің ескерткіші орнатылды. Мерекелік шараға Атырау облысы әкімінің бірінші орынбасары Серік Шапкенов, Атырау облыстық сотының төрағасы Марғұлан Бектұрғанов және Қазақстан кәсіподақтар федерациясының төрағасы Бақытжан Әбдірайым және зиялы қауым өкілдері  қатысты.

Атырауда қазақтың үш биіне ескерткіш орнатылды

Облыс әкімінің бірінші орынбасары Серік Шапкенов  құттықтау сөзінде ескерткіштің ашылуы мұнайлы аймақтың қоғамдық және мәдени өміріндегі маңызды оқиға екенін атап өтті.

- Жоба Елбасының «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы аясында жүзеге асырылды. Қазақстан халқы тарихтағы ең күрделі кезеңде қазақтарды біріктіруде шешуші рөл атқарып, оларды елдің еркіндігі мен тәуелсіздігі үшін күрескен ұлы билері - Төле, Қазыбек және Әйтекені еске алады. Бұл - ұрпақтар сабақтастығы, дәстүрлердің жалғасы. Ескерткіш облыстық сот ғимаратының жанында кездейсоқ орнатылмаған, бұл қазақ халқының даналығы, әділдігі мен абыройының символы, - дейді Серік Шапкенов.

Айта кетейік, ескерткіштің биіктігі 4 метр, қоладан жасалған және мәрмәр тұғырда орналасқан. Ескерткіштің авторы - атақты қазақстандық мүсінші Бақытбек Мұхаметжанов.

Бақытгүл БАБАШ,

«Егемен Қазақстан»

Атырау