Аймақтар • 18 Қаңтар, 2019

СДУ-да IT технологиялары саласында білім беру жобасы басталды

449 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ағымдағы жылдың  14 қаңтары мен 1 ақпаны аралығында АҚШ-тың ең ірі жоғары оқу орнының магистрлері қазақстандық жоғары оқу орындарының  инженерлік факультет студенттеріне арнайы шеберлік сағаттары мен тегін оқу-жаттығу курстарын өткізеді. Осыған орай Сүлеймен Демирел университетінің қолдауымен ақпараттық технологиялардың жаңа бағыттары бойынша Массачусетс технологиялық институтының (MIT) білім бағдарламасына сай бірегей MISTI оқыту жобасы басталды.

СДУ-да IT технологиялары саласында білім беру жобасы басталды

СДУ - қазақстандық ЖОО арасындағы МISTI оқыту бағдарламасын енгізген жалғыз оқу орны. Курстар практикаға және қолданбалы ғылымдарға бағытталған. 

Қазіргі уақытта білім беру курстары екі санат бойынша жүргізіліп жатыр. СДУ базасында - алматылық жоғары оқу орындарының студенттері үшін, сондай-ақ Қазақстанның өзге өңірлерінің тыңдаушылары үшін онлайн түрде өтуде, олардың арасында мектеп оқушылары, білім беру мекемелерінің оқытушылары және студенттер бар. Жалпы оқыту бағдарламасы 50-ден астам тыңдаушы қамтыды. СДУ магистрі, жоба жетекшісі Мерарслан Мералиевтың айтуынша, қазақстандық студенттерді оқытуға әлемдегі белді техникалық жоғары оқу орнының менторлары келген. Олар - монғолиялық Тугсу Манлайбатор, МIT-тің 4-курс студенті және МIT магистрі Каролин Холз. Тугсу «Машиналық оқытуға кіріспе» бойынша дәріс оқыса, Каролин заманауи дизайнның негіздері бойынша курстар өткізетін болады.

Дәрістер ағылшын тілінде өтеді. Курс тыңдаушыларына сертификаттар беріледі.

Эльвира СЕРІКҚЫЗЫ,

«Егемен Қазақстан»

АЛМАТЫ