Бокс • 18 Қаңтар, 2019

Геннадий Головкин ұлды болды

340 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бүгін қазақстандық боксшы Геннадий Головкиннің үшінші сәбиі дүниеге келді. Сүйінші жаңалық туралы Бокс федерациясының ресми сайты хабарлады.

Геннадий Головкин ұлды болды

«Қазақстанның бокс федерациясы Геннадий Головкинді ұлды болуымен құттықтайды! Біз Геннадий мен оның отбасына мықты денсаулық және амандық тілейміз!», - делінген федерация сайтында. 

Айта кетейік, Головкиннің бір ұлы мен қызы бар. Боксшының ұлы Лос-Анжелесте хоккеймен айналысады. Қазіргі таңда Геннадий уақытын отбасымен бірге өткізіп, жекпе-жектер жөнінде келіссөз жүргізіп жатыр.