«Нұр Отан» мектеп асханаларын жалға алушыларды тексерумен айналыспайды

«Нұр Отан» партиясының Орталық аппаратында өткен мектеп асханалары жөніндегі Республикалық сарапшылар тобының бірінші кеңесінде мектеп асханаларына тиеселі бақылауды қамтамасыз ету мен шағын және орта бизнестің мүддесін қорғаудың аралығындағы мәселеде ымыраға келудің жауабы іздестірілді, деп хабарлайды партияның баспасөз қызметі.

Егемен Қазақстан
19.01.2019 7804
2

Бұрын-соңды хабарлағанымыздай, мектеп асханаларының бірқатар өзекті мәселелерін шешу және ата-аналар комитетінің, асханаларды жалға алушылардың, мектеп әкімшілігі өкілдері мен білім басқармасы өкілдерінің іс-әрекетін үйлестіру үшін «Нұр Отан» партиясы «Мектеп асханалары» жобасын дайындаған еді. 

Оған ата-аналар қоғамдастығының әлеуметтік желілерде жазған балаларды тамақтандырудың сапасына көңілі толмаушылығына байланысты пікірлері себеп болды. Өткен жылы партия біз тілге тиек еткен мәселелерді шешуге тиіс арнайы жоба әзірлеп, тұжырымдамасын бекітіп, содан кейін нақты дайындық жұмыс жүргізген. Нәтижесінде 2018 жылдың соңында нұротандықтар мектеп асханаларындағы тиым салынған бірқатар азық-түліктердің тізімін ұзартуға қол жеткізді (сосискалар, колбаса өнімдері, гамбургерлер, сондай-ақ, жасанды қосымшалары бар тағамдар қосылды), ал, Жаңа жылдан бастап «Мектеп асханалары» деп аталатын партиялық жоба ресми түрде бастау алды. Құрамында ата-аналар, парламентарийлер, «Нұр Отан» партиясы өңірлік филиалдарының, БАҚ, ҮЕҰ мен меморгандардың өкілдері бар ведомствоаралық сарапшылар тобы бүкіл еліміз бойынша мектептің тамақтандыру орындарына мониторинг жүргізуге кірісіп кетті.  Ұйымдастыру мәселелері мен жобаны іске асырудың алғашқы күндерінің нәтижесін талқылау үшін «Нұр Отан» мектеп асханаларын тамақтандыруға байланысты Республикалық сарапшылар тобының бірінші кеңесін өткізді. Бұл мәселені бақылауға алған партия Хатшысы Илья Теренченконың төрағалық етуімен өткен отырыста кездесудің қатысушылары өз идеяларымен бөлісіп, мектеп асханаларының жұмысын ұйымдастыру саласындағы, мектеп асханалары мониторингінің қапылдығы, мектеп асханалары мен ас әзірлейтін жерлерде бейнебақылау орнату, сондай-ақ, бейінді нормативтік құқықтық актілерге өзгеріс енгізу туралы ойларын ортаға салды.  

Әңгіме барысында партия Хатшысы еліміздің өңірлерінде құрылған мектеп асханалары бойынша Республикалық сарапшылар тобы мен ведомствоаралық сарапшылар тобының жұмысын қадағалаушылық іс-әрекетпен шатастырудың қажеті жоқ екенін атап өткенді жөн санады.  - Кейбір БАҚ біздің мектеп асханалары мен оны жалға алушыларды тексеріп жатқанымызды жазып үлгерді. Бұл түбегейлі қате түсінік. Біз тексеріс емес, мониторинг жүргізіп жатырмыз. Қайталап айтамын! Біз ешкімді де жазаламаймыз, қандай да бір кемшіліктерді жоюға байланысты кеңес қана береміз. Жекелеген жағдайларда біз өз ұсыныстарымызды өкілетті органдарға жібереміз. Алайда, біздің бизнестің ісіне араласуға құқымыз жоқ. Тіпті, «Нұр Отан» партиясының басымдыққа ие мақсаттарының бірі – қазақстандық қолдау көрсету.  Оның ішінде мектеп асханалары саласында жұмыс істеп жатқан кәсіпкерлер де бар - деп мәлімдеді Илья Теренченко.  

Бұл ескертулер құрамында мектеп оқушыларының ата-аналары, құқыққорғаушылар, депутаттар, мемлекеттік қызметкерлер және нұротандықтардың өздері де бар сарапшылардың арасында қызу пікірталас туғызды. Бір жағынан алып қарағанда балалардың денсаулығынан артық ештеңе де жоқ. Және қандай да бір кәсіпкердің кінасынан асханада тамақтанған оқушылардың жаппай улану оқиғасы орын алғанда, шағын және орта бизнесті дамыту мәселесінің басымдыққа ие болғаны үшін кіналыны жауапкершіліктен босату туралы әңгіме қозғау қаншалықты қисынды? Екінші жағынан нормадан болмашы ғана ауытқушылық болғаны үшін жұмыс орындарын құрып отырған мектеп асханаларын жалға алушылардың лицензиясын тартып алып, оны жұмыс істетпей тастау дұрыс па?

Бұл мәселеде бизнестің ісіне араласу болып табылатын шекара қайда?  Ұзаққа созылған талқылаулардың нәтижесінде Республикалық сарапшылар тобының мүшелері мектеп асханаларына мониторинг жүргізу қажет деген мәмілеге келді. Алайда, бұл мәселеде мектеп оқушыларының қабылданған стандарт бойынша тамақтанып, шағын және орта бизнестің да тоқтаусыз дами бергені маңызды. Айталық, қандай да бір кемшіліктер анықталған жағдайда кәсіпкерлердің оны түзеуіне екінші мүмкіндік берілуі тиіс.  

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

22.02.2019

Galaxy S10 телефоны 8 наурыздан сатылымға шығады

22.02.2019

Алдағы уақытта мұнай қымбаттай ма?

22.02.2019

Дзюдошыларымыздың Дюсельдорфтағы қарсыластары анықталды

22.02.2019

Өткен тәулікте 43 мың текше метрден астам қар жиналды

22.02.2019

Қай министрліктер мемқызметшілерге артық жұмыс істетіп отыр

22.02.2019

Маңғыстаудың көші-қон қызметі бюджетке 99 млн теңгеден астам қаражат енгізді

22.02.2019

Алматы әкімдігі мен халықаралық IFC қаржы корпорациясы ынтымақтастыққа уағдаласты

22.02.2019

Астана қаласының денсаулық сақтау саласын дамытудың басымдықтары белгіленді

22.02.2019

Солтүстік Қазақстанда әлемдегі ірі қалайы  кен орны ашылады

22.02.2019

Алматы қаласының энергоқауіпсіздігін нығайтқан жоба аяқталды

22.02.2019

Жетісулықтар «Қазақстанның 100 жаңа есімі» жобасының жеңімпазымен жүздесті

22.02.2019

«DIGITAL URPAQ» САРАЙЫ – елімізде баламасы жоқ нысан

22.02.2019

Кәсіпорындар қажет маманды өздері оқытады

22.02.2019

Кеше елордаға бір мың тоннадан астам көмір жеткізілді

22.02.2019

Қазақстанда отандық өндірістегі РТ маркалы авиациялық отынның көтерме бағасы арзандады

22.02.2019

Қостанай облысында кәсіпкер көп балалы отбасына баспана сыйлады

22.02.2019

Қозғалысты реттеймін деп айыппұл төледі

22.02.2019

Көкшетауда «EL jastar» театры ашылды

22.02.2019

БҚО құтқарушылары 5 айлық сәбиді құтқарды

22.02.2019

Асыл тұқымды 5 мың сиыр әкеледі

ТАҒЫ ЖҮКТЕУ
КОЛУМНИСТЕР

Александр ТАСБОЛАТОВ, «Егемен Қазақстан»

Jol erejesinen buryn, saqtyq kerek

Jasyratyny joq, ózimizdiń bir áriptesimiz, Qaraǵandy tas jolynan Astanaǵa kirer tusta keshqurym, ıaǵnı alageýim shaqta kóligimen bir adamdy basyp ketti. Ol jaıaý júrginshi jolaǵymen júgire basqan jandy kórmeı qalǵan. Qansha jerden kinásin moıyndasa da, ol – jaýapker. Sebebi jaıaý júrginshige arnalǵan jolaqta ereje buzdy. Toqtamady. Al toqtar edi, biraq adamdy kórgen joq. Mine, endi mundaı jaǵdaıda kimge kiná artasyz? Jaıaý júrginshi de opat boldy, júrgizýshi de qamalady.

Қарашаш ТОҚСАНБАЙ, «Егемен Қазақстан»

Tyıym men tıyn

Toı-toımalaqta tún jamylyp óner kórsetetin kámelettik jasqa tolmaǵan, ómirleri aq paraqtaı taza, kóńilderi aq bulaqtaı móldir kishkentaılarymyzdy jasyna laıyqsyz kıindirip, boıandyryp kópshiliktiń aldynda shyǵarý, án saldyrý – qý aqshaǵa qunyqtyryp qoıǵan ata-analarynyń kinásinen. 

Бақытгүл САЛЫХОВА, педагогика ғылымдарының кандидаты

Qorqynyshty mıkroplastık

О́tken aptada Eýropalyq odaq úkimeti óndirýshilerge mıkroplastıktiń barlyq túrin óz ónimderinde qoldanýǵa tyıym salǵanyn estigen bolarsyzdar. Mıkroplastıktiń ne ekenin bilesiz be? Osyǵan deıin kóp mán bermeppiz. Sóıtse mıkroplastık − sıntetıkalyq polımerlerdiń kishkentaı bólikteri, bul kóptegen zattyń quramyna kiredi: kúndelikti kıetin kıimimizde de, kir jýatyn untaqta da, saǵyzda da bar eken.

Анар ТӨЛЕУХАНҚЫЗЫ, «Егемен Қазақстан»

«Jeti jarǵy» jıen jaıly ne deıdi?

Qarǵa tamyrly qazaqta jıenmin dese qolq etpes jan joq shyǵar, sirá. Tipti, naǵashyǵa aıtar oıyn «tuzdyqtap» jiberse de, basynan sóz asyrmas nebir adýyn minezdiniń ózi jıen ǵoı, aıta beredi» dep kúlip, bas shaıqaǵannan artyqqa barmaıdy.

Бекен ҚАЙРАТҰЛЫ, «Егемен Қазақстан»

Rýh jaıly áńgime

Marqum alashshyl tulǵa Aqseleý Seıdimbektiń «Rýhy azat halyq qana uly ister atqara alady» deıtin myzǵymas ustanymy boldy. Osy uǵymdy Ahań ári qaraı tápsirlep: «Rýhsyz halyqty altynǵa bólep qoısań da báribir, rýhy myqty qaýymnyń aldynda eńkish tartyp turady. Rýh degenimiz ol kózge kórinbeıdi, halyqtyń gendik bıosferasynda bolatyn úreıdi jeńý qýaty. Úreı qan arqyly urpaqtan urpaq jalǵasyp kete beretin asa qaterli qubylys. Qandaı bir qaýymnyń rýhanı erkindigi (táýelsizdigi) halyqtyń boıyndaǵy úreıdiń az-kóptigimen ólshendi» deıtin edi jaryqtyq.

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Тағы да оқу

Пікір қосу