Аймақтар • 21 Қаңтар, 2019

Қызылордада «CT-KZ» сертификатын алушылар қатары өскен

374 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қызылорда облысында «CT-KZ» сертификатын алушылар қатары қырық пайызға өсті.

- 2014 жылдан бастап тауардың шығу тегін анықтайтын сертификатты рәсімдеу және беру шараларын «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының өңірлік палаталары жүргізіп келеді. Біздің өңірімізден тауарларды экспорттауға арналған сертификат негізінен күрішке, балыққа, ас тұзы мен мазутқа, мұнай мен ванадий кеніне берілуде. Бір кәсіпкеріміз тіпті 2017 жылдан бастап сафлор майын өндіріп, Қытайға экспорттауда. Көңіл қуантарлығы, соңғы екі жылда экспортқа шығарылатын тауарларға рәсімделген сертификаттардың көлемі 40 пайызға өскен. Бұл өңірімізде экспорт көлемінің артқандығын көрсетіп отыр, - дейді Палата директоры Ғалымбек Жақсылықов.

Өткен жылдың өзінде Қызылорда облысынан экспорт үшін 1065 сертификат, 104 «СТ-КЗ» сертификаты берілген. Бүгінде қызылордалық өнімдер ТМД елдерімен бірге, Қытай, Моңғолия, Ауғанстан, Латвия, Швейцария елдеріне экспортталып жатыр.

Бақтияр ТАЙЖАН,

«Егемен Қазақстан»

Қызылорда облысы