Экономика • 21 Қаңтар, 2019

«Жасыл» компаниялар рейтингі жасалды

438 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Орталық коммуникациялар қызметінде еліміздегі ірі өндіріс ошақтарының «жасыл» рейтингінің нәтижелеріне арналған баспасөз мәслихаты өтті.

«Жасыл» компаниялар рейтингі жасалды

Баспасөз мәслихатына «Қа­зақ­­­станның экологиялық ұй­ы­м­­­­дарының қауымдастығы» ЗТБ басқарма төрағасы Айгүл Солов­ьева мен бірлестік тө­р­аға­­сының орынбасары Ел­дос Абақанов, Интерфакс-ЭРА агенттігінің директоры Александр Мартынов, Халық­ара­лық «жасыл» технологиялар және инвестициялық жобалар орталығының жетекшісі Рапиль Жошыбаев қатысты.

Интерфакс-ЭРА агенттігі дирек­торының айтуынша, 11 түр­лі салалық рейтингіні анық­тау­ға Қазақстанның 200-ден ас­там компаниясы қатысыпты. Олар­­дың басым бөлігі мұнай-газ, тау-кен, машина жасау өнер­кәсібі, энергия тарату сала­сын­­дағы кәсіпорындар.

– Мұнай-газ ком­пан­ия­ла­­ры­­ның арасында «СНПС-Ақ­тө­­­бе­­­­мұнайгаз», «Қаз­Транс­­газ», «Теңізшевройл», «Өзен­мұнай­­газ», «Қаз­Мұнай­Газ Бар­лау Өндіру» компаниялары, «Қаз­МұнайГаз» Ұлттық компания­сы жоғары нәтиже көрсетті, – деді А.Мартынов.

Қазақстан мен Ресей ком­пания­ларының жалпы рейтин­гінде қара және түсті метал­лур­гия­ға қатысты рейтингіде ­«Қаз­ақ­мыс» корпорациясы» ЖШС – 81-орынды, «Жез­қаз­ғантүстіметалл» АҚ – 107, Ар­се­лорМиттал Теміртау» АҚ – 125, «Қазақстан алюминийі» ЖШС – 139, «Қазцинк» ЖШС – 145-орынды иеленген.

Экологиялық-энергетикалық тиім­ділік көр­сет­­кіші бой­ын­ша «Астана-ай­мақтық электр желілері ком­­паниясы» АҚ, «Астана-Жы­лу­­транзит» АҚ, «Сары­ар­қа­Авто­Пром» ЖШС, «Кен­тау транс­форматор зауыты» АҚ, «КЭМОНТ» АҚ және тағы басқа кә­сіп­орындардың нәти­же­лері жоғары.

Жалпы, өңірлердегі ластану көрсеткіші бойынша Атырау, Қарағанды, Өскемен сынды өндірісі дамыған, өнеркәсіп орындары көп облыстар тізім басында тұр екен.

– Осы мақсатта жергілікті ат­қару­шы органдармен бай­ланыс орнатып, облыс әкім­дік­терімен және рес­пуб­ли­ка­лық маңызы бар қала­лар­дың әкімдіктерімен келісім жаса­дық. Орталық ай­мақ­­тар­дың басшылығына ин­вес­тор­лар мен бизнес жоба­лар­ға «жасыл» технологияны дамы­ту­ға қатысты әдістемелік, құқ­ық­тық және техникалық қол­дау көрсетеді, – деді Рапиль Жошыбаев.

«Жасыл» технологияларды енгізу, энергияны тиімді пайдалану көрсеткіштері, ауаға көмір­тегін тарату көлемі сынды түрлі өлшемдер бойынша ірі компаниялардың рейтингін анықтау туралы бастама өткен жылы қолға алынған болатын. Оны Қазақстанның эко­логиялық ұйымдары қа­у­ым­дастығы ұсынған еді. Бұл рейтинг отандық компаниялардың қоршаған ортаға тигізіп жатқан әсерін анықтауға, сонымен қатар олардың экологиялық саясатты ашық жүргізуіне мүмкіндік бермек.

Арнұр АСҚАР,

«Egemen Qazaqstan»