Қазақстан • 21 Қаңтар, 2019

Музейдегі «Сырласу сағаты»

658 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Шымкент шаһарының «Жеңіс» саябағындағы «Ерлік» музейі екі жылдан бері Елбасының «Болашаққа бағдар: ру­хани жаңғыру» мақаласына орай «Ата-бабалар аманаты – елдік пен ерлік, бірлік пен ынтымақ» жобасын жеміс­ті жүзеге асырып келеді. Небір мәнді де мазмұнды шаралар ұйым­дастырылуда. Осы жоба аясында майданда және тылда, ауған соғысында, сондай-ақ тәуелсіздік жылдарында алуан түрлі салада ерен еңбектің, ізденістің үлгісін көр­сеткен тұлғалармен «Сәрсенбілік сырласу сағаттары» шарасы өткізіліп тұрады.

Музейдегі «Сырласу сағаты»

16 қаңтар күні энерге­тика саласында ерекше ең­бек сіңіріп жүрген, Қазақ­стан­ның бірқатар өңірлерінде та­нылған, жауапты басшы қыз­меттер атқарып ке­ле жат­қан атпал азамат, ме­це­нат, зиялы да зияткер тұл­ға Пердебай Сәбитовпен «Ұлт­жандылық Шерхан Мұртазадан жұққан» деген тақырыпта сырласу сағаты болды. Аталмыш бас­қосуға ақын-жазушылар, жур­­налистер, ардагерлер, бас­­қа да зия­лы қауым өкіл­дері, мәдениет қызмет­кер­лері шақырылды. Жаңа­дан салынған қосымша ғимаратта өткен сырласу сағатын музей меңгерушісі Ақмарал Құ­дайбергенова мен жазу­шы Мар­хабат Байғұт жүр­­­гіз­ді.

«Сәрсенбілік сырласудың» бас кейіпкері Пердебай Сә­би­­­тов пен оның зайыбы Қар­лыға Иманбекова ашық та­ бүкп­есіз сыр шертті. Қо­йыл­­­­­­ған сұрақтарға жан-жақты жауап берді. Бұл жүздесудің және бір ерекшелігі Шерхан Мұртаза мен Тұтқабай Иман­беков туралы естеліктер ай­тыл­ды. Ардагерлер Бай­дул­­ла Қонысбек, Нармахан Бега­лыұлы, Ерғали Жүсіп­беков, Шерім Медеуов, Жол­дыбай Ендібаев, Жеңісбек Мәуленқұлов, Исамуддин Рысбай және басқалар ұлты­мыздың біртуар перзенті Шер­­­хан Мұртаза мен жазушы Тұтқабай Иман­бек­ұлы туралы, солардың белсенді оқыр­маны әрі кітаптарын шыға­руға демеушілік жасайтын Пер­дебай Сәбитов жөнінде тартымды әңгімеледі.

Нұрсұлтан Ахилбеков,

музей қызметкері