Қырбалтабай мектебіндегі оқиға: Балаларға «Библия» таратылғаны рас па?

Алматы облысының Еңбекшіқазақ ауданына қарасты Қырбалтабай ауылында Ы.Алтынсарин атындағы жалпы білім беретін мектеп бар. Соңғы бір апта аралығында осы мектепке қатысты оқиға әлеуметтік желі мен баспасөз арқылы таралып, қоғамдық пікірге арқау болуда.

Егемен Қазақстан
21.01.2019 5285
2

Нақтырақ айтқанда, мектеп жанындағы интернаттың оқушыларына «Қазақ-Герман-Америкалық библия миссиясы» атты қоғамдық бірлестік тарапынан жаңажылдық сыйлық таратылып, діни әдебиеттер берілгені жайлы хабар қазір тексеріліп жатыр. Мектеп-интернатқа аудан әкімдігі тарапынан арнайы құрылған комиссия барып, тәрбиешілермен және  оқушылармен әңгімелесу өткізілген екен.

- Еңбекшіқазақ ауданының әкімінің орынбасары, аудандық Ішкі саясат бөлімі, дін инспекторлары, білім бөлімі және аталған Ы.Алтынсарин атындағы орта мектебі мен жанындағы интернаттың директорларымен бірлескен жұмыс тобы құрылып бұл мәселе толығымен қаралды. 17 қаңтар күні жұмыс тобымен бірге аудандық әкімдікте мектеп-интернатта жаңажылдық сыйлықтар таратқан «Қазақ-Герман-Америкалық Таурат миссиясы» қоғамдық бірлестігінің президенті Алексей Лубошниковпен кездесу ұйымдастырып, жаңажылдық сыйлықтардың ішінде діни кітаптар немесе уағыздаушы парақшалар болмағаны және қайырымдылық шарасын ұйымдастырушылар тарапынан дін тақырыбында әңгімелер қозғалмағаны анықталды. Лубошников Алексей Викторович және Ы.Алтынсарин орта мектебі мен жанындағы интернаты директорының тарапынан балаларға арналған сыйлықтардың арасында діни кітаптар болмағанын растап түсініктеме жазып берді. Осы орайда, бұл мәселені ары қарай ушықтырудың қажет емес екендігін айта отырып, бұл мәселе қазіргі таңда аудан әкімдігінің тарапынан қадағалауда екендігін жеткіземіз, - дейді біздің сұрауымызға орай Еңбекшіқазақ ауданы Ішкі саясат бөлімінің басшысы Момунжан Акбаржанұлы.

Бірақ, Қырбалтабай ауылындағы мектептегі жағдайды қоғам назарына жеткізген эколог, Алматы облысы Кербұлақ ауданының Құрметті азаматы Гөзел Құлжабаева аудан әкімдігі берген ресми жауапты біржақты деп отыр. Алматы қаласында осы мәселеге орай баспасөз мәслихатын өткізген Гөзел Құлжабаева интернатта  «Қазақ-Герман-Америкалық библия миссиясы» тарапынан діни әдебиет, оның ішінде 120 дана «Библия» кітабының таратылғаны жайлы нақты дәлелдің болғандығын айтады. Оны растайтын сурет кейіннен баспасөзде жарияланған екен.

- Жалпы мен интернаттағы жағдайды Қырбалтабай ауылына барғанда кездейсоқ естідім. Әдетте, ата-ана ретінде кәмелеттік жасқа толмаған балаларға қандай да бір діни уағыз жүргізуге болмайты белгілі. Бұл жерде кітап сыйлау шарасы ата-ананың қатысуынсыз болған. Жаңажылдық сыйлық ретінде, тәттілермен бірге берілген болуы керек. Мұны балалармен сөйлескенімде, өздері мойындады. Олар кітаптан бөлек құрастырмалы ойыншық жапсырмаларды да алғанын айтты. Ойыншық бөліктерін толық тізіп шыққанда одан Иса Мәсіхтің суреті мен уағыз сөздер көрінетін болған. Бірден ашып айтайын, мен бұл жерде қандай да бір діни көзқарас үшін мәселе көтеріп отырған жоқпын. Мәселе, мектеп жасындағы балалардың құқын қорғау мен мемлекеттік мекеме қабырғасында тек толық сүзгіден өткен кітаптарды ғана оқуға рұқсат берілетіндігі жайында. Мен өзім табиғат қорғаушысы ретінде жазған еңбектерімді Білім министрлігінің рұқсатынан кейін ғана мектептерге көмекші құрал ретінде ұсына аламын. Сонда, «Библияны» балаға оқуға рұқсат берілген бе? - дейді Гөзел Құлжабаева ханым.

Оның айтуынша, оқушылармен сөйлескенде балалар сыйлық алғандарын, «Библия» кітабын да көргендерін жасырмаған. Оқушылар мұны телефоындағы дауыс жазу құрылғысына айтқан. Бірақ, оқиға туралы сөз шыққаннан кейін мектеп әкімшілігі интернат оқушыларына ешқандай сыйлық, оның ішінде діни кітаптар алмағандығы жайлы қолхат жаздырып алған. «Бұл да бала құқығын бұзу. Заң бойынша мұндай қолхат ата-ана қатысуымен жазылады» дейді ол.

Біз бұл жағдайға орай Алматы облыстық Білім басқармасының басшысы Дәурен Жүнісовтің пікір білгенбіз:

- Ы.Алтынсарин атындағы мектеп-интернатына қатысты оқиғадан хабардармын. Өткен сенбі күні Еңбекшіқазақ ауданына барып, жағдайды көзбен көріп қайттым. Ауданда арнайы комиссия жұмыс істеп жатыр. Алдын ала белгілі болғанындай, тәрбиешілер мен оқушылар интернатта діни әдебиеттер таратылғанын растамаған. Бұл жерде дыбыстық және бейнежазба болған екен. Оның анық-қанығын комиссия тексеріп болғасын, жауабын береміз, - деді облыстың бас мұғалімі.

Ал тақырыптың түйіні қалай тарқатылып, тексеру жұмыстарының нәтижесі нені көрсететіні «Егемен Қазақстан» газетінің назарында болады.

Қалмаханбет МҰҚАМЕТҚАЛИ,

«Egemen Qazaqstan»

Алматы облысы

Сурет zanmedia.kz сайтынан алынды

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

20.02.2019

Елбасы Сауд Арабиясының Королімен телефон арқылы сөйлесті

20.02.2019

Елбасы «Самұрық-Қазына» акционерлік қоғамы басқармасының төрағасы Ахметжан Есімовті қабылдады

20.02.2019

Жас журналистер клубы құрылды

20.02.2019

Алексей Луценко тағы да топ жарды

20.02.2019

«Амурға» әліміз жетпеді

20.02.2019

Асанәлі Әшімов: «Театрды ашудағы мақсатым – талантты жастарды қолдау»

20.02.2019

Бақыт Сұлтанов автобус паркін жаңарту жоспарлары туралы айтып берді

20.02.2019

Қарағанды облысында 2 күнде 41 жол-көлік оқиғасы тіркелді

20.02.2019

Бейсенбі күні Қостанай облысы мен СҚО-да дауылды ескерту жарияланды

20.02.2019

Тілсіз жаудан зардап шеккен отбасыға тәртіп сақшылары көмектесті

20.02.2019

Ақмола облысының 5 ауданында «Еnglish for jastar» жобасы жалғасатын болады

20.02.2019

Бурабайда қысқы президенттік көпсайыстан облыстық біріншілік өтті

20.02.2019

Көкшетауда «Бояулар құпиясы» жас суретшілер байқауы өткізілді

20.02.2019

Еліміз Иранға 42 тонна сиыр етін экспорттайды

20.02.2019

Қарағандыда жемқорлық құқық бұзушылықтар бойынша брифинг өтті

20.02.2019

Алматыда ережесіз жекпе-жектен жарыс өтеді

20.02.2019

Ақтөбе облысында «Агрогектар» жобасы жүзеге асырылуда

20.02.2019

Қырғыз Республикасынан кіргізілетін өнімдерге шектеу қойылмақ

20.02.2019

Мемлекеттік қызметшілер декларациясын тапсыру мерзімі 31 наурызда аяқталады

20.02.2019

Астанада кәсіпкерлер мен инноваторларды біріктіретін алаң ашылады

ТАҒЫ ЖҮКТЕУ
КОЛУМНИСТЕР

Бақытгүл САЛЫХОВА, педагогика ғылымдарының кандидаты

Qorqynyshty mıkroplastık

О́tken aptada Eýropalyq odaq úkimeti óndirýshilerge mıkroplastıktiń barlyq túrin óz ónimderinde qoldanýǵa tyıym salǵanyn estigen bolarsyzdar. Mıkroplastıktiń ne ekenin bilesiz be? Osyǵan deıin kóp mán bermeppiz. Sóıtse mıkroplastık − sıntetıkalyq polımerlerdiń kishkentaı bólikteri, bul kóptegen zattyń quramyna kiredi: kúndelikti kıetin kıimimizde de, kir jýatyn untaqta da, saǵyzda da bar eken.

Анар ТӨЛЕУХАНҚЫЗЫ, «Егемен Қазақстан»

«Jeti jarǵy» jıen jaıly ne deıdi?

Qarǵa tamyrly qazaqta jıenmin dese qolq etpes jan joq shyǵar, sirá. Tipti, naǵashyǵa aıtar oıyn «tuzdyqtap» jiberse de, basynan sóz asyrmas nebir adýyn minezdiniń ózi jıen ǵoı, aıta beredi» dep kúlip, bas shaıqaǵannan artyqqa barmaıdy.

Бекен ҚАЙРАТҰЛЫ, «Егемен Қазақстан»

Rýh jaıly áńgime

Marqum alashshyl tulǵa Aqseleý Seıdimbektiń «Rýhy azat halyq qana uly ister atqara alady» deıtin myzǵymas ustanymy boldy. Osy uǵymdy Ahań ári qaraı tápsirlep: «Rýhsyz halyqty altynǵa bólep qoısań da báribir, rýhy myqty qaýymnyń aldynda eńkish tartyp turady. Rýh degenimiz ol kózge kórinbeıdi, halyqtyń gendik bıosferasynda bolatyn úreıdi jeńý qýaty. Úreı qan arqyly urpaqtan urpaq jalǵasyp kete beretin asa qaterli qubylys. Qandaı bir qaýymnyń rýhanı erkindigi (táýelsizdigi) halyqtyń boıyndaǵy úreıdiń az-kóptigimen ólshendi» deıtin edi jaryqtyq.

Сейфолла ШАЙЫНҒАЗЫ, «Егемен Қазақстан»

Elorda: kósheler, avtobýstar, aıaldamalar

Astana jyl sanap ósip keledi. Bir kezderi oblys ortalyǵy bolǵan shaǵyn ǵana qala az ýaqyttyń ishinde elimizdegi iri shaharlardyń qataryna qosyldy. Munyń bári qarqyndy júrgizilgen qurylys jumystarynyń nátıjesinde júzege asyp otyr. Ras, qazir 2000 jyldardyń basyndaǵydaı ekpin joq. Degenmen áli de bolsa jańa ǵımarattar men turǵyn úıler turǵyzý isinde alǵa basý bar. Bas qala, jańadan turǵyzylyp jatqan elorda bolǵandyqtan, qurylys jumystarynyń jalǵasa beretinine kúmán joq.

Жақсыбай САМРАТ, «Егемен Қазақстан»

Oqıǵalar uǵymdy bolsa ıgi

Tildiń túıtkili qansha aıtsaq ta tarqamaıtyn boldy. Burynǵydaı eshkim zorlamasa da, eshkim tizege salmasa da, ana tilimizde sóıleıik dep urandap jatsaq ta, halqymyzdyń qalada turatyn negizgi bóligi únemi orys tilin qoldanýǵa beıil turatyny qynjyltady. Úlkender túgili qazaqsha oqıtyn balalarymyzdyń ózi orysshany tez qabyldaıdy. Qazaqsha oılanǵansha oryssha jyp etkizip jaýap bere qoıady. Eshkimdi kinálamaı, eshkimdi qaralamaı osynyń sebebin taǵy bir izdep kórelikshi...

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Тағы да оқу

Пікір қосу