Үкімет • 22 Қаңтар, 2019

Жұмыссыз xалыққа микрокредит беру жүзеге асырылып жатыр

537 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша төртінші әлеуметтік бастамасы шеңберінде кәсіпкерлікті дамыту арқылы xалық табысының артуын қамтамасыз ету үшін өзін-өзі жұмыспен қамтыған және жұмыссыз xалыққа микрокредит беру жүзеге асырылуда. Бұл туралы Үкімет сағатында Еңбек және xалықты әлеуметтік қорғау министрі М.Әбілқасымова мәлімдеді. 

Жұмыссыз xалыққа микрокредит беру жүзеге асырылып жатыр

«2018 жылы микрокредит беру бағдарламасын қаржыландыру 20 млрд теңгеге, оның ішінде ауылдарда 14 млрд, қалаларда 6 млрд теңгеге ұлғайды. Қосымша бөлінген қаражатты есепке алғанда, микрокредит берудің жалпы сомасы 62 млрд теңгені құрады. Оның ішінде 45 млрд теңге ауылдық жерлерге және 17 млрд теңге қалалық жерлерге жіберілді. 2018 жылға арналған микрокредитпен қамту жоспары 14 мың адамды құрады», деді министр. 

Оның айтуынша, микрокредиттер микробизнесті ашу және бар бизнесті кеңейту мақсатында беріледі. 

«2018 жылы барлығы 14 053 микрокредит берілді, оның ішінде ауылдарда - 12760,  қалаларда - 1293 микрокредит берілді. Ауылдарда микрокредит берудің орташа мөлшері 3,5 млн теңгені, ал қалаларда 11 млн теңгені құрайды. Берілген микрокредиттер ішінен Start-up жобаларды қолдауға 9772 микрокредит, якорлы кооперацияның жаңа бағытын дамытуға 1024, жеке істі кеңейтуге 3257 микрокредит берілді. Осылайша, Төртінші әлеуметтік бастаманы іске асыру толық қамтамасыз етілді»,  деді М.Әбілқасымова.