Үкімет • 22 Қаңтар, 2019

«Нұрлы жер» арқылы салынған үйлер «7-20-25» бағдарламасымен берілуі мүмкін

557 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

«Нұрлы жер» арқылы салынған үйлер «7-20-25»бағдарламасымен сатылуы мүмкін. Бұл туралы Үкімет сағатында Ұлттық банк төрағасы Д.Ақышев мәлімдеді. 

«Нұрлы жер» арқылы салынған үйлер «7-20-25» бағдарламасымен берілуі мүмкін

«Тұрғын үй ұсынысын ұлғайту үшін Ұлттық банк жергілікті атқарушы органдардың «Баспана» компаниясының 150 млрд теңгеге дейін сомадағы облигацияларын нарықтық талаптармен сатып алуға рұқсат берді. Бүгінде   бұл тетікті Шымкент қаласының әкімдігі ғана 10 млрд теңге мөлшерінде пайдаланды. «Баспана» ұйымынан қаржыландыру тарту құқығын басқа әкімдерге беру мүмкіндігін қарастыру қажет», деді Данияр Ақышев. 

Сондай-ақ ол бағдарламаны жандандыру үшін 2018 жылы желтоқсанда мемлекеттік тұрғын үй бағдарламаларына өзгерістер енгізілетінін айтты. 

«Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша салынған үйлер Тұрғынүйқұрылысжинақбанкі арқылы  салымшылар мен кезекте тұрғандарға және барлық азаматтарға «7-20-25» бағдарламасы бойынша ипотекалық қарыздар арқылы сатылуы мүмкін», деді Ұлттық банк төрағасы.