Қазақстан • 22 Қаңтар, 2019

Ел аумағынан 28 шетелдік шығарылды

386 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Түркістан облысы Полиция департаментінің Көші-қон басқармасы қаңтарда жүргізілген «Мигрант» жедел алдын алу іс-шарасын қорытындылады. Полицейлер 5 күн ішінде көші-қон заңнамасын бұзған 600-ге жуық адамды жауапкершілікке тартты.

 

Ел аумағынан  28 шетелдік шығарылды

Облыс аумағында заңсыз көші-қонды анықтау, жолын кесу, уақытша және тұрақты тұратын шетелдіктерді есепке алуды мақсат еткен «Мигрант» іс-шарасы барысында 485 шетелдік пен 92 еліміздің азаматы Қазақстанға келу, болу жайттары бойынша жауапкершілікке тартылған. Полиция департаментінің хабарлауынша, құқық бұзушылықтардың 321-і ескертілген, 55-не әкімшілік айыппұлдар салынып, 164 шетелдік азамат әкімшілік қамауға алынған. Сондай-ақ 28 шетелдік сот шешімдерімен ел аумағынан шығарылған. Жеке бастарын анықтайтын құжаттары жоқ 24 адам Полиция департаментінің қабылдап-бөлу мекемелеріне орналастырылған. Ал 180 шетел азаматының Қазақстанда болу мерзімі қысқартылды. Шетел азаматтарын заңсыз тұрғын үймен қамтамасыз еткені үшін – 67, шетелдіктердің жұмыс күшін заңсыз пайдаланған – 25 ел азаматы анықталып, олардың әкімшілік жауапкершіліктері қаралған. Елден аластату туралы сот шешімін орындамаудың 6 фактісі бойынша қылмыстық істер қозғалған.

Ғалымжан ЕЛШІБАЙ,

«Egemen Qazaqstan»

Түркістан облысы