Үкімет • 22 Қаңтар, 2019

Руслан Дәленов: Шағын несие көлемі ұлғаяды

413 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Нəтижелі жұмыспен қамту жəне жаппай кəсіпкерлікті дамыту бағдарламасына қатысушылар саны жаңа кәсіпкерлермен толығады. Бұл туралы Үкімет сағатында Ұлттық экономика министрінің бірінші орынбасары Руслан Дәленов мәлімдеді. 

Руслан Дәленов: Шағын несие көлемі ұлғаяды

«Бұған дейін жұмыс істеп тұрған кәсіпкерлер бағдарламаға  қатыса алмады. Енді мұндай шектеулерді алып тастауға байланысты берілген шағын несие саны артады. Осыған орай бірнеше облыста микроқаржы ұйымдары құрылған. Сыйақы мөлшерлемесі 6 пайыздан аспайды. Несие мерзімі 5 жылды құрайды. Ал мал шаруашылығы мен өзге де ауыл шаруашылығы кооперативтерін құру үшін несие жеті жылға дейін беріледі» деді Руслан Дәленов.

Оның айтуынша, 2018 жылы қалаларда микрокредиттеуге 13,9 млрд теңге бөлінген. Осылайша, қала мен моноқалаларда 1311 жоба қаржыландырылды. Егер кепілдік жеткіліксіз болған жағдайда, кәсіпкерлерге микрокредитті 85 пайызға дейін кепілдендіру ұсынылады. Осылайша, өткен жылы 2,8 млрд теңге сомасында 484 кепілдік келісімшарты жасалған. Ал биыл қалалар мен моноқалаларда кәсіпкерлерге 2000 шағын несие беру жоспарланып отыр.