Күрес • 22 Қаңтар, 2019

Сегіз спортшымыз Парижде күш сынасады

500 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

25 қаңтарда Франция астанасы – Парижде каратэден рейтингтік турнирдің тұсауы кесіледі. 2020 жылы Токиода алауы тұтанатын Олимпия ойындарына қатысуға мүмкіндік беретін айтулы додада Қазақстанның сегіз спортшысы бақ сынайды. 

Сегіз спортшымыз Парижде күш сынасады

Былтыр дәл осындай турнир Парижде өтіп, сол жарыста жасындай жарқыраған Дархан Асәділов Ресей, Италия, Канада, Иран, Өзбекстан және Бразилияның белді каратэшілерін қапы қалдырып, бас жүлдені олжалаған болатын. Одан бөлек, қандасымыздың әлем чемпионатының жүлдегері, Азия ойындарының жеңімпазы, құрлық чемпионы деген атақтары тағы бар. Биыл да Дархан айтулы додада 67 кило салмақ дәрежесінде күш сынасып, топ жаруды мақсат тұтуда.

Францияның астанасында Дархан Асәділовтен бөлек, Мөлдір Жаңбырбай (50 кило), Сабина Захарова (55 кило), Қайрат Алпысбай (60 кило), Дидар Әмірәлі (67 кило), Ермек Айназаров (75 кило), Данияр Юлдашев (84 кило) және Игорь Чехмарев (84 кило) сынды жерлестеріміз өнер көрсетеді.

Ғалым СҮЛЕЙМЕН,

«Егемен Қазақстан»