Қасиетті қамшы

Қасиет қонған әулие адамдардан қазақ жері кенде емес. Есімінің өзі қиналғанға медет болған Байбақты ата Қармысұлы жайлы да аңызға бергісіз әңгіме көп. Соның ішінде атаның қасиетті қамшысы туралы да әпсаналар бар.

Егемен Қазақстан
22.01.2019 4344
2

Заманында батыр әрі аруақты адам болған Байбақты атаның бір қасиеті – ауырып жатқан адамды алыстан сезіп, атына мініп, шауып кетеді екен. Бір күні ағаш үйді қоршап, жылап отырған бір топ адамның үстінен түседі. Аңдаса, келіні қайтып, қайғы жамылып отырған үй болып шығыпты. Сол кезде Байбақты ата он екі өрім дойыр қамшысымен үйдің сыртынан ұрып, «Тастап кет, әй, тастап кет!» деп айқайлапты. Арада біраз уақыт өткеннен кейін киіз үйдің ішінен әлдебір дауыс естіледі, барып қараса, екі дүниенің ортасында жатқан келіншекке жан еніпті дейді.

«Менің өкпемді бір қызыл ит суырып алып, үлкен көк суға қарай шапты. Көк суға жақындап қалғанда, ат мінген ақсақалды бір атамыз «Тастап кет, ей, ит, тастап кет!» деді. Манағы ит өкпені суға салғанда мен өлетін едім. Қайта айналып келіп, өкпемді орнына салып кетті», - депті келін. Ал жорықтарға қамшысын алып жалғыз шыққанда Байбақты ата жаудың көзіне мың адам болып көрінген деседі. Ел аузындағы аңыздарда атаның қамшысы туралы түрлі тылсым жайттар айтылады. Қазір ол қамшы Атырау облыстық тарихи-өлкетану музейінде сақтаулы. Оны бұл жерге Атырау қаласының тұрғыны Ақжұма Жаңбырова тапсырған.

«Байбақты атаның қасиетті қамшысы» атты музейде өткен шарада ҚР Мәдениет қайраткері Абат Кенжеғалиұлы бүгінде көненің көзіне айналған жәдігер туралы тағылымды деректер келтірді.

- Кезінде ең жақсы қамшыны сыйға ұсыну дәстүрі болған. «Қамшы ұстағаннан жын-шайтандар қашады» деген түсінік те бар. Бұл ретте қамшы емшілердің емдік қаруына да айналған, – дейді Абат Кенжеғалиұлы. – Бүгінде қамшы өру де ұмытылып барады. Менің атам Ерекен Қалмұханов Жәңгір ханның ұстаған қамшысын жасаған шебер адам еді. Ол кезде былғары илеу техникасының өзі басқаша болатын. Осы дәстүрді қайтадан қолданысқа енгізсек, әр қазақтың төрінде домбыра мен қамшы тұрса, рухани жаңғыру деген - осы.

Қазір облыстық музей қорында 20-ға жуық қамшы бар. Солардың арасында талай аңызға арқау болған Байбақты атаның қызғылт жыңғыл сапты қамшысы көз тартады.

Бақытгүл БАБАШ,

«Егемен Қазақстан»

АТЫРАУ

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

22.02.2019

Galaxy S10 телефоны 8 наурыздан сатылымға шығады

22.02.2019

Алматы әкімі Германия мен Грецияның елшілерімен кездесті

22.02.2019

Алматының Жасыл экономика басқармасының басшысы тағайындалды

22.02.2019

Биыл Ақтөбе облысында 15 жаңа мектеп салынады

22.02.2019

Алдағы уақытта мұнай қымбаттай ма?

22.02.2019

Дзюдошыларымыздың Дюсельдорфтағы қарсыластары анықталды

22.02.2019

Өткен тәулікте 43 мың текше метрден астам қар жиналды

22.02.2019

Қай министрлік мемқызметшілерге артық жұмыс істетіп отыр

22.02.2019

Маңғыстаудың көші-қон қызметі бюджетке 99 млн теңгеден астам қаражат енгізді

22.02.2019

Алматы әкімдігі мен халықаралық IFC қаржы корпорациясы ынтымақтастыққа уағдаласты

22.02.2019

Астана қаласының денсаулық сақтау саласын дамытудың басымдықтары белгіленді

22.02.2019

Солтүстік Қазақстанда әлемдегі ірі қалайы  кен орны ашылады

22.02.2019

Алматы қаласының энергоқауіпсіздігін нығайтқан жоба аяқталды

22.02.2019

Жетісулықтар «Қазақстанның 100 жаңа есімі» жобасының жеңімпазымен жүздесті

22.02.2019

«DIGITAL URPAQ» САРАЙЫ – елімізде баламасы жоқ нысан

22.02.2019

Кәсіпорындар қажет маманды өздері оқытады

22.02.2019

Кеше елордаға бір мың тоннадан астам көмір жеткізілді

22.02.2019

Қазақстанда отандық өндірістегі РТ маркалы авиациялық отынның көтерме бағасы арзандады

22.02.2019

Қостанай облысында кәсіпкер көп балалы отбасына баспана сыйлады

22.02.2019

Қозғалысты реттеймін деп айыппұл төледі

ТАҒЫ ЖҮКТЕУ
КОЛУМНИСТЕР

Александр ТАСБОЛАТОВ, «Егемен Қазақстан»

Jol erejesinen buryn, saqtyq kerek

Jasyratyny joq, ózimizdiń bir áriptesimiz, Qaraǵandy tas jolynan Astanaǵa kirer tusta keshqurym, ıaǵnı alageýim shaqta kóligimen bir adamdy basyp ketti. Ol jaıaý júrginshi jolaǵymen júgire basqan jandy kórmeı qalǵan. Qansha jerden kinásin moıyndasa da, ol – jaýapker. Sebebi jaıaý júrginshige arnalǵan jolaqta ereje buzdy. Toqtamady. Al toqtar edi, biraq adamdy kórgen joq. Mine, endi mundaı jaǵdaıda kimge kiná artasyz? Jaıaý júrginshi de opat boldy, júrgizýshi de qamalady.

Қарашаш ТОҚСАНБАЙ, «Егемен Қазақстан»

Tyıym men tıyn

Toı-toımalaqta tún jamylyp óner kórsetetin kámelettik jasqa tolmaǵan, ómirleri aq paraqtaı taza, kóńilderi aq bulaqtaı móldir kishkentaılarymyzdy jasyna laıyqsyz kıindirip, boıandyryp kópshiliktiń aldynda shyǵarý, án saldyrý – qý aqshaǵa qunyqtyryp qoıǵan ata-analarynyń kinásinen. 

Бақытгүл САЛЫХОВА, педагогика ғылымдарының кандидаты

Qorqynyshty mıkroplastık

О́tken aptada Eýropalyq odaq úkimeti óndirýshilerge mıkroplastıktiń barlyq túrin óz ónimderinde qoldanýǵa tyıym salǵanyn estigen bolarsyzdar. Mıkroplastıktiń ne ekenin bilesiz be? Osyǵan deıin kóp mán bermeppiz. Sóıtse mıkroplastık − sıntetıkalyq polımerlerdiń kishkentaı bólikteri, bul kóptegen zattyń quramyna kiredi: kúndelikti kıetin kıimimizde de, kir jýatyn untaqta da, saǵyzda da bar eken.

Анар ТӨЛЕУХАНҚЫЗЫ, «Егемен Қазақстан»

«Jeti jarǵy» jıen jaıly ne deıdi?

Qarǵa tamyrly qazaqta jıenmin dese qolq etpes jan joq shyǵar, sirá. Tipti, naǵashyǵa aıtar oıyn «tuzdyqtap» jiberse de, basynan sóz asyrmas nebir adýyn minezdiniń ózi jıen ǵoı, aıta beredi» dep kúlip, bas shaıqaǵannan artyqqa barmaıdy.

Бекен ҚАЙРАТҰЛЫ, «Егемен Қазақстан»

Rýh jaıly áńgime

Marqum alashshyl tulǵa Aqseleý Seıdimbektiń «Rýhy azat halyq qana uly ister atqara alady» deıtin myzǵymas ustanymy boldy. Osy uǵymdy Ahań ári qaraı tápsirlep: «Rýhsyz halyqty altynǵa bólep qoısań da báribir, rýhy myqty qaýymnyń aldynda eńkish tartyp turady. Rýh degenimiz ol kózge kórinbeıdi, halyqtyń gendik bıosferasynda bolatyn úreıdi jeńý qýaty. Úreı qan arqyly urpaqtan urpaq jalǵasyp kete beretin asa qaterli qubylys. Qandaı bir qaýymnyń rýhanı erkindigi (táýelsizdigi) halyqtyń boıyndaǵy úreıdiń az-kóptigimen ólshendi» deıtin edi jaryqtyq.

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Тағы да оқу

Пікір қосу