Әлем • 22 Қаңтар, 2019

Франциядан Англияға бет алған ұшақ Ла-Манш бұғазында жоғалып кетті

643 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Франциядан Англияға бет алған ұшақ Ла-Манш бұғазында жоғалып кетті. Әуе кемесінің бортында «Кардифф Сити» клубына жаңадан ауысқан Эмилиано Сала болған. Бұл туралы дүйсенбіде Франция полициясы хабарлады.

Франциядан Англияға бет алған ұшақ Ла-Манш бұғазында жоғалып кетті

Британия мен Франция шекара күзеті бүгін Гернси аралын тінтіп шықты. Нант қаласынан Кадриффке бағыт алған жалғыз моторлы ұшақ радардан көрінбей кетіп, қайта байланысқа шықпаған. Жергілікті күзет қызметінің хабарлауынша, оларға белгі жергілікті уақыт 20:23-те келіп түскен. Іздеу топтары тікұшақ пен кемелермен қамтамасыз етілген.

«Кардифф Сити» клубы Эмилионы 17 миллион еуроға (19 миллион АҚШ доллары) сатып алған болатын. 28 жастағы аргентиналық шабуылшы Францияда 2012 жылдан бері өнер көрсетті.  

Сала Францияның бірінші лигасында «Нант» командасының құрамында 19 ойынға қатысып, 12 гол соққан.

Естеріңізге сала кетсек, «Кардифф» футбол командасында отандасымыз Әлішер Апсалямов қызмет атқарған еді.