Көтеріліп жатқан мәселелер мен олардың шешімі адам капиталын арттыруға жол ашады — сарапшы

Мемлекет басшысы 2019 жылды Қазақстандағы Жастар жылы деп жариялады. ҚР Тұңғыш Президентінің Қоры жанындағы Әлемдік экономика және саясат институтының (ӘЭСИ) Әлеуметтік және имидждік зерттеулер бағдарламасының басшысы Серік Бейсембаев жастар ұйымдары мен волонтерларды мемлекеттік қолдауды дамытудың маңыздылығы туралы сарапшылық пікірімен бөлісті. Бұл туралы Премьер-Министрдің баспасөз қызметі хабарлады. 

Егемен Қазақстан
23.01.2019 4876
2

Сарапшының пікірінше, Қазақстанда Жастар жылы жарияланғаннан кейін еліміздегі жастар саясатын түрлендіруге жаңа мүмкіндіктер ашылып жатыр. Өзгерістер негізінен жүргізіліп жатқан жұмысты жүйелендіруге, сондай-ақ, жастардың түрлі топтарына атаулы мемлекеттік көмекті арттыруға байланысты болмақ.

«Ең алдымен, мемлекет жастарды жұмыспен қамту мәселелерін шешуге бағытталған шараларды реттеуге ұмтылуда. Елімізде бірнеше бағдарлама жұмыс істеп тұр, мәселен, "Жасыл ел", "Дипломмен ауылға" және т.б. Жастарға жұмыс табуға көмектесетін Жастардың ресурстық орталықтары бар. Дегенмен, осыған қарамастан, біздің зерттеулеріміз көрсеткендей, еңбекпен қамтылу Қазақстан жастары үшін №1 мәселе болып қалып отыр. Президент жариялаған жаңа бастамалар мемлекеттік органдардың назарын аталған мәселеге баса аударып, қолданыстағы бағдарламалардың тиімділігін одан әрі арттыруға шақырады», — деді С.Бейсембаев.

Бұған қоса, мемлекет алдағы жылдары білім берудің қолжетімділігін одан әрі арттыруды көздеп отыр. Бұл, әсіресе, ауылдар мен шағын қалалардың жастары үшін аса маңызды.

«Орта арнайы білім беру жүйесін дамыту жастардың осы санатына бейімделу деңгейін арттыруға көмектеседі. Әрине, мұнда білім беру сапасының нарық сұраныстарына сай келуі өте маңызды», — деді ол.

Бұдан өзге, сарапшының айтуынша, еліміздегі жастар саясаты жастардың әлеуметтік белсенділігін арттырудың жаңа үрдісін қолдауға ұмтылуда. Материалдық ынталандыру арқылы волонтерлерді қолдай отырып, мемлекет жастардың белсенділігін тек оң бағыттарға бағыттап қана қоймай, жастар ұйымдары үшін жаңа бағытты да белгілейді.

«Үлкен қалалардың мысалынан көріп отырғанымыздай, қоғамдық кеңістіктерді абаттандыру, тұрмыс жағдайы төмендерге көмектесу, экологиялық сауаттылықты арттыруға және т.б. қатысты бастамалар көптеп көтерілуде. Жаңа буынға осындай жобаларға қатысу үлкен қызығушылық тудырады», — деді ол.

Осылайша, Қазақстанда Жастар жылында жастарымыздың өзекті проблемалары жоғары деңгейде жандандырылуы тиіс. Көтеріліп жатқан мәселелер кешенді сипатқа ие және олардың шешімі табылса, олар жалпы адам капиталын арттыруға көмектеседі. Бұл — Қазақстандағы әлеуметтік саясаттың басты басымдығы.

Еске сала кетейік, Президент Н.Назарбаев «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» Жолдауында 2019 жылды Жастар жылы деп жариялады. 2019 жылы мемлекеттік жастар саясатын жан-жақты қолдауға және іске асыруға бағытталған шаралар қабылданбақ.

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

23.03.2019

Асқар Мамин Талдықорғандағы құрылыс нысандарымен танысты

23.03.2019

Шекарашылар заң бұзушылардың жолын кесті

23.03.2019

Президент: Жастарға арналған кадрлық бағдарлама дайындалады

23.03.2019

Имидждік іс-шараларды азайту қажет – Қ.Тоқаев

23.03.2019

Қасым-Жомарт Тоқаев Шымкент қаласының даму жоспарымен танысты

23.03.2019

Шымкентте жаңа медициналық орталық ашылды

23.03.2019

The Star: Назарбаев елде тұрақтылық пен келісім орната білді

23.03.2019

Астаналық балалар «Мұзбалақ» фильмін тегін көре алады

23.03.2019

Премьер-Министр «Қорғас — Шығыс қақпасы» арнайы экономикалық аймағын аралады

23.03.2019

Президент алғашқы сапарын неліктен Түркістаннан бастағанын түсіндірді

23.03.2019

Мемлекет басшысы Шымкенттегі «Азала текстиль» фабрикасын аралады

23.03.2019

Полицейлер Петропавл тұрғындары үшін наурыз көже мен бауырсақ әзірледі

23.03.2019

Шекарашылар бірнеше заң бұзушылықтың алдын алды

23.03.2019

Қасым-Жомарт Тоқаев Шымкент қаласының әкімшілік-іскерлік орталығына барды

23.03.2019

Мемлекеттік шекараны бұзып өтпек болған адам ұсталды

23.03.2019

Анар Жайылғанова:  Астананың атауын өзгерту процедурасы заңға сай жүргізіліп жатыр

23.03.2019

Атырау халқы ерлікпен қаза тапқан полицейді соңғы сапарға шығарып салды

23.03.2019

Қасым-Жомарт Тоқаев жұмыс сапарымен Шымкентке барды

23.03.2019

Димаш әлем жұртшылығын аузына қаратты

23.03.2019

Павлодарда үздік ұлттық киімдер анықталды

ТАҒЫ ЖҮКТЕУ
КОЛУМНИСТЕР

Айнаш ЕСАЛИ, «Егемен Қазақстан»

Etjeńdi balalar

Qoǵam kóz jumyp qaraı almaıtyn máse­lelerdiń basynda bala densaýlyǵy tur. Bú­gin­de mańaıymyzǵa zerdelep qaraıtyn bolsaq, tyǵynshyqtaı, tolyq jasóspirimder kó­beıe túsken. Semizdik – aýrý bolyp esep­teletindikten, qazirgi ýaqytta dıspanserlik esep­ke alynady. Sábı saýlyǵy ana qursaǵyna bit­­ken kúnnen bastap qalyptasatyndyǵyn al­dymen ata-anasy túsinýi qajet.

Amangeldi QURMET,

Igi bastama ult tanymymen úılesýi tıis

Keıde qazaq qoǵamyndaǵy oqıǵalar men qubylystarǵa nazar aýdarǵan kezde «Biz ózi­mizimdi ózimiz tolyq tanymaımyz-aý osy» degen oıǵa qalatynymyz bar. Árıne, qa­zaq ekenimizdi, bizdiń de tanym-túısigimiz, dúnıetanymymyz, ar­man-ańsarymyz, muraty­myz bar ekenin bilemiz. 

Арнұр АСҚАР, «Егемен Қазақстан»

Алты жасар Алпамыстың арманы не еді?

«Білесің бе, оқитын болсам тез өсіп, үлкен бастық болам. Оқуды да тез бітіремін. Тез келіншек аламын. Сосын менің он екі ұлым болады. Оның бірі колхоз бастығы, екіншісі агроном, үшіншісі мұғалім, бәрі де үлкен-үлкен бастық болады...»

Думан АНАШ, «Егемен Қазақстан»

Kúmis tostaǵandaǵy kóne álipbı

Kóne órkenıet oshaqtarynan urpaqqa mura bolyp qalǵan qundy dúnıelerdiń bi­ri – adamzattyń aqyl-oıyn taspalaǵan jazý­lar. Elbasy «Uly dalanyń jeti qyry» atty ma­qalasynda Esik qorymynan tabylǵan «Altyn adamnyń» janyndaǵy kúmis tosta­ǵan­dardyń birinde oıyp jazylǵan tańba­lar bar ekenin aıta kelip, «Bul – Ortalyq Azıa aýma­ǵynan buryn-sońdy tabylǵan jazý ataýlynyń ishindegi eń kónesi» degen bolatyn.

Жақсыбай САМРАТ, «Егемен Қазақстан»

«Jaqsy kitap – jan azyǵy»

Kitap oqıtyn jáne oqymaıtyn adamdardyń alshaqtyǵy árqashan kózge kórinip turady. Alǵashqylardyń oıy tereńdeý, tili sheshendeý bolsa, sońǵylardyń tili tutqyr, aýzynan sózi túsip turatynyn jıi kóresiz. Máseleni jaqsy bilip tursa da, ondaılar oıyn jetkize almaı, ábden qysylady.

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Тағы да оқу

Пікір қосу