Қазақстан • 24 Қаңтар, 2019

Алғашқы қысқы ҰБТ қорытын­дылары шықты

609 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Білім және ғылым министрлігі Ұлттық тестілеу орталығының директоры Рамазан Әлімқұлов 18-20 қаңтар аралығында өткен алғашқы қысқы ҰБТ қорытын­дыларын мәлімдеді.

Алғашқы қысқы ҰБТ қорытын­дылары шықты

Оның айтуынша, Мемлекет басшы­сы­­­ның тапсырмасына сәйкес 2016 жыл­­­дан бастап жоғары білім алуға қол­жетім­ділікті арттыруға байланыс­ты жос­парлы жұмыстар жүргізілуде. Аталған жұмыстардың нәтижесі осы жылдан бас­тап ҰБТ-ны жылына 4 рет, яғни қаңтар, наурыз, маусым және тамыз айларында тапсыру мүмкіндігі болып отыр. 

«Қаңтар, наурыз және тамыз айларында өткен ҰБТ-ға қатысу мектеп бітіруші түлектің жоғары оқу орнында тек ақылы бөлімге түсуіне құқық береді. Егер мектеп бітіруші түлек мем­лекеттік білім грантын алғысы келсе, міндетті түрде маусым айында өт­кізілетін ҰБТ-ға қатысуы керек. Маусым айында тапсырған ҰБТ-ның қорытындысы бойынша білім беру грантын беру конкурсына қатыса алады. Бұл іс-шаралардың ұйымдасты­рылуына мемлекеттік қаржы­дан бірде-бір тиынның жұмсалмай­тынын айта кетуіміз керек», деді Р.Әлімқұлов.

Жалпы, ҰБТ өткізу пункттерінің саны – 74, өтініштер саны – 35 838 адам, оның ішінде 25 615 адам қазақ тілінде, 10 162 адам орыс тілінде, 61 адам тестілеуді ағылшын тілінде тапсыруға өтініш білдірген. Қатысушылар санаты бойынша 29 789 адам – 11-сынып оқушылары, 3 268 адам – шартты түрде түскендер, 2 781 адам – шығармашылық мамандықтарынан басқа мамандықтарға ауысушылар. Қысқы тестілеуге 34 687 адам қатыс­қан. Мүмкіндігі шектеулі жандар – 9. ҰБТ-ның шекті деңгейінен өткендер – 24 012 адам (69%), шекті деңгейден өте алмағандар – 10 675 адам (31%). 

Ал бейінді пәндер комбинациясы бойынша «Математика-физиканы» 

8 430 (28,8%), «Химия-биологияны» – 5 839 (19,9%) түсуші таңдаған. 

ҰБТ тестілерінің мазмұнына қатыс­­ты Республикалық апелляция комис­сия­­­сына 8 өтініш келіп түскен, оның 3-і қана­­ғат­­тандырылған. Өткен жылы тест тап­­сыр­­маларының мазмұны бойынша 243 өтініш түскенін, оның ішінде 101-і қана­­ғат­тандырылғанын атап өту керек.

Рауан ҚАЙДАР,

«Egemen Qazaqstan»