Аймақтар • 24 Қаңтар, 2019

Жетісудың ішкі жолдарын жөндеуге 30 млрд теңге жұмсалады

529 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Алматы облысының аумағындағы ішкі жолдардың жалпы ұзындығы  6138,6 шақырымды құрайды. Бұл – аймақтағы 17 аудан мен 2 қаланың тіршілігіне жан бітіріп тұрған қозғалыс өзегі іспетті.

Жетісудың ішкі жолдарын жөндеуге 30 млрд теңге жұмсалады

Осы облыстық маңызы бар автокөлік жолының сапасын сараптаған мамандар, оның 78,1 процентінің жағдайын қанағаттанарлық деп отыр. Және бұл көрсеткіш жыл сайын жақсарып, жол жағдайы оңалып келе жатқан көрінеді. Биыл жыл соңына дейін ауыл – аймақ аралығын жалғайтын жол сапасы 78.5 процентке жетпек.

Жалпы, Алматы облысында жергілікті маңыздағы жолдарды салу мен жөндеуге жыл сайын 30 млрд теңгеге жуық қаржы бөлініп келеді. Ал осы жылы ішкі жолдардағы қауіпсіз және үзіліссіз қозғалысты қамтамасыз ету мақсатына 17 359,815 млн теңге қарастырылған. Оның ішінде 6 374,117 млн теңге республикалық бюджеттен, ал 10 985,698 млн теңге жергілікті бюджеттен бөлініпті. Енді осы қаржыға 23 шақырым жолды қайта салу мен жаңғырту жұмыстары жүргізіледі.

Қалмаханбет МҰҚАМЕТҚАЛИ,

«Egemen Qazaqstan»

Алматы облысы