Аймақтар • 24 Қаңтар, 2019

Бақыт Сұлтанов «Қамқор» әлеуметтік қызмет көрсету орталығында болды

731 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Орталықта тұрып жатқан жандар үшін барлық жағдай жасалған. Олар сапалы медицинамен, күтіммен қамтылған. Бұл туралы Астана қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Бақыт Сұлтанов «Қамқор» әлеуметтік қызмет көрсету орталығында болды

Астана әкімі Бақыт Сұлтанов Ақмола облысы Ақкөл ауданыңдағы «Қамқор» әлеуметтік қызмет көрсету орталығында болды. ««Қамқор» әлеуметтік қызмет көрсету орталығы» КММ 2005 жылы құрылған. Онда психоневрологиялық ауруларға шалдыққан және күтімге, тұрмыстық және медициналық қызметке мұқтаж жалғыз басты зейнеткерлер тұрады.

«Қазіргі таңда орталықта 44 зейнеткер, 319 мүмкіндігі шектеулі жан тұрады. Бізде барлық әлеуметтік жағдай жасалған: бөлмелеріміз жылы, спорт және жаттығу залдары, кітапхана, еңбекпен емдеу кабинеттері мен асхана бар», – деді ««Қамқор» әлеуметтік қызмет көрсету орталығы» КММ директоры Нұрбол Зұлқарнаев. Орталықта түрлі әлеуметтік көмек көрсетіледі: тұрмыстық, психологиялық, еңбек, құқықтық. Орталықта бос уақытты тиімді өткізу жақсы ұйымдастырылған. Мерекелік , спорттық іс-шаралар өтіп тұрады.

«Мемлекет басшысы бірнеше рет атап өткендей, біздің елімізде мүмкіндігі шектеулі жандарға ерекше көңіл бөлініп оларға «Кедергісіз» орта құруға тиіспіз.  Сіздің орталықта кәсіби мамандар жұмыс істейді. Олар – қайырымды және адамдардың жан дүниесін жақсы білетін, жылылыққа мұқтаж жандарға жүрек жылуын сыйлайтын жандар»,  – деді Астана әкімі Бақыт Сұлтанов. 2018 жылы Астана әкімдігі Жұмыспен қамту, еңбек және әлеуметтік қорғау басқармасының қолдауымен жүз орындық жаңа ғимарат салынған. Жаңа ғимарат мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған жаңа құралдармен жабдықталған. Жаңа корпуста күн коллекторлары орнатылған, соның арқасында мұнда ыстық суға қатысты  проблемалы мәселе жоқ.