Аймақтар • 25 Қаңтар, 2019

Елизавета Бельченко әлем кубогінің алтыншы кезеңінде маусым көрсеткішін жақсартты

585 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Биатлоннан Антхольц-Антерсельва қаласында өтіп жатқан әлем кубогінің алтыншы кезеңі аясында спринттен әйелдер арасындағы бәсеке аяқталды. Аталған сынға Қазақстан атынан Анастасия Кондратьева, Елизавета Бельченко және Людмила Ахатова қатысқан болатын. Бұл туралы Ұлттық олимпиада комитетінің баспасөз қызметі хабарлады. 

Елизавета Бельченко әлем кубогінің алтыншы кезеңінде маусым көрсеткішін жақсартты

Із кесу жарысының қорытындысы бойынша, Елизавета Бельченко 44-ші орыннан көрінді. 

Антхольц-Антерсельва биатлонның отаны саналады. Жоғары деңгейлі турнирді тамашалау үшін әлемнің әр түкпірінен 10 мыңнан аса жанкүйер жиналған. Антхольцтегі жарыс жолы өте қиын трассалардың бірі саналады. Сол себепті, қатысушылардың барлығы дерлік мәреге жете алмай, 93 биатлоншы ғана соңына дейін шыдап бақты. 

Қазақстан сапындағы ең үздік нәтижені көрсеткен – Елизавета Бельченко. Ол биылғы маусымдағы өзінің және әйелдер ұлттық құрамасының жоғарғы көрсеткішін тіркеп отыр.