Қазақстан • 25 Қаңтар, 2019

Астанада металл қабылданатын пунктен 100 келі кабель тәркіленді

431 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Елорданың полицейлері металл қабылданатын 30-ға тарта орынды тексерді. Нәтижесінде еш тіркеусіз немесе жеке басты куәландыратын құжатсыз жүрген 20 адамға қатысты «Әкімшілік құқықбұзушылықтар туралы» кодекстің 492-бабына сәйкес әкімшілік іс қозғалды.

Астанада металл қабылданатын пунктен 100 келі кабель тәркіленді

Астана қаласы Полиция Департаментінің баспасөз қызметінде белгілі болғандай, 24-26 қаңтар аралығында полиция қызметкерлері қалада «Цветмет» тексеру іс-шараларын жүргізуде.

Жергілікті полиция қызметі басқармасының қызметкерлері Астана қаласы ПД криминалды полиция басқармасы қызметкерлерімен бірлесіп, ұрланған кабельдерді, аккумуляторларды, канализациялық люк қақпақтарын, құрылыс материалдары мен қара және түсті металлдарды қабылдайтын орындарды анықтау мақсатында рейдтік шараларды жүргізіп жатыр.

«Өткен тәулікте полиция қызметкерлері металл қабылданатын 30-ға жуық орынды тексерді. Тексеріс жұмыстарының нәтижесінде Қазақстан Республикасында тұру ережелерін бұзып, еш тіркеусіз немесе жеке басты куәландыратын құжатсыз жүрген 20 адамға қатысты Әкімшілік құқықбұзушылықтар туралы кодексінің 492 бабына сәйкес әкімшілік іс қозғалды», - делінген хабарламада.

Үшкөпір көшесіндегі металл қабылданатын пунктердің бірінен полиция қызметкерлері түсті металлдың 100 келісін (кабель) анықтады. Айғақты зат тәркіленіп, тексеру амалдары жүргізілуде.