Қазақстан • 28 Қаңтар, 2019

Алдағы үш тәулікке арналған ауа-райы болжамы

660 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Алдағы тәулікте аяздың орнын қар мен бұрқасын басады деп хабарлайды "Қазгидромет" РМК Баспасөз қызметі

 

Алдағы үш тәулікке арналған ауа-райы болжамы

Қаңтар айының соңғы күндерінде ауа-райында елеулі өзгерістер болмайды. Әдеттегідей, қатты аязды жылы ауа-райы алмастырады. Алдағы тәулікте 35 градустық аяз суық антициклонмен бірге шығысқа қарай ығысып, Қазақстанға Каспий теңізінің оңтүстігінде қалыптасқан циклон келеді. Солтүстік-шығысқа қарай ығысу барысында циклонмен қар, республиканың оңтүстік және оңтүстік-шығысында көктайғақ және тұман, солтүстік, шығыс және орталықта қар, бұрқасын, оңтүстік-батыс желі және ауа температурасының жоғарылауы күтіледі.