Аймақтар • 28 Қаңтар, 2019

Балалар үйінің тәрбиеленушілері үшін Есіл өзенінде қысқы ойындар өткізілді

529 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Балалар жастар ұйымдарының белсенділерімен бірге коньки, шана тепті. Бұл туралы Астана қала әкімдігінің ресми сайты хабарлады.

Балалар үйінің тәрбиеленушілері үшін Есіл өзенінде қысқы ойындар өткізілді

Балалар үйінің тәрбиеленушілеріне арналған жаппай сырғанау өткен сенбі күні Есіл өзенінде өтті. Бастамашылар «Жас Отан» жастар қанаты және Астана әкімдігінің «Астана жастары» КММ. Балалармен бірге «Астана жастарының» еріктілері де сырғанақ тепті.

Балалар коньки теуіп, шанамен сырғанады және эстафеталарға қатысқаны үшін арнайы сыйлықтар алды. Жастар ұйымдары бастамасын «Сарыарқа» ауданы әкімдігі және «Adiyat Land» компания қолдады.