29 Қаңтар, 2019

Астана IDC нұсқасы бойынша ақылды қалалардың халықаралық рейтингіне енді

499 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Астана қаласын зерттеу нәтижелері бойынша елорданың жетілу деңгейі - 2.48 балды құрады. Бұл туралы әкімдікте өткен аппарат отырысында Инвестициялар және кәсіпкерлікті дамыту басқармасының басшысы Әлішер Әбдіқадыров айтты, деп хабарлайды Елорда Инфо.

Астана IDC нұсқасы бойынша ақылды қалалардың халықаралық рейтингіне енді

​«Біздің басқарма IDC (International Data Corporation) агенттігімен бірлесіп, Астана қаласы әкімдігінің салалық басқармаларын экономика, көлік, қоршаған орта, қауіпсіздік және цифрландыру мәселелері бойынша зерттеу жұмыстарын жүргізді. Осы жұмыстың қорытындысы бойынша, Астана қаласы «ақылды» қалалардың халықаралық рейтингіне енгізілді. Астана қаласын зерттеу нәтижелері бойынша елордамыздың жетілу деңгейі - 2.48 балды құрады», - деді ол.

Басқарма басшысы әлемнің кейбір қалаларының жетілу деңгейі: Сингапур - 4.4, Нью-Йорк - 3.7, Дубай – 3.6, Барселона - 3.2, Мәскеу - 3.1 екенін атап өтті. 

«Сонымен қатар, Астана қаласы Орталық Азияда осы үлгі бойынша зерттелген және Smart City кемел бағасын алған алғашқы қала болды», - деп түйіндеді сөзін Әбдіқадыров.