Әлем • 29 Қаңтар, 2019

Иранның мұнай кірісі Швейцария банкінде сақталады

419 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Иран мұнайынан түскен ақшаның бір бөлігі Швейцария банкінде сақталады. Бұл туралы Швейцария мен Иранның бірлескен сауда палатасының төрағасы Шариф Незам-Мафи «Фарс» ақпараттық агенттігіне хабарлады.

Иранның мұнай кірісі Швейцария банкінде сақталады

Палата төрағасының айтуынша, Швейцарияның BSP банкі екі ел арасындағы қаржылық ақша аударымын жүзеге асырып тұрады деп күтілуде.  «Швейцария әзірге нақты қай банк қызмет ететінін айтпады. Ол Heritage не BSP банкі болуы мүмкін» деді Незам-Мафи.

Палата төрағасының айтуы бойынша, кірістің көп бөлігі Үндістан, Ирак, Қытай мен Корей Республикасынан түседі.

Естеріңізге салсақ, Иранға қарсы санкция салынбас бұрын BSP банкі Иранға қызмет көрсеткен болатын.

Соңғы жаңалықтар