Қазақстан • 29 Қаңтар, 2019

Сенаторлар ЕКПА сессиясына қатысты

385 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Парламент Сенатының депутаттары Сәуле Айтпаева мен Сергей Плотников Еуропа Кеңесі Парламенттік Ассамблеясының 21-25 қаңтар күндері Страсбург қаласында (Франция) өткен 2019 жылғы сессиясына қатысты.

Сенаторлар ЕКПА сессиясына қатысты

ЕКПА күн тәртібінде Парламенттік Ассамблеяның Грузия және Армениядағы президент сайлауларын байқау жөніндегі нәтижелері, Еуропа Кеңесі елдерінде әділ референдумдарды өткізудің негізгі қағидаттарын жаңарту мәселелері, Парламенттік Ассамблея мен ұлттық парламенттердің рөлін күшейту, шариғат заңдарының адам құқықтары мен негізгі еркіндікті қорғау жөніндегі Еуропа конвенциясымен үйлесу мәселелері қаралды. Сессия аясында жалған ақпарат мен үгіт-насихат жүргізудегі қоғамдық БАҚ мәселелері, еркін сайлау шарты ретіндегі БАҚ, сондай-ақ жұмыспен қамту саласындағы алалау және мүмкіндігі шектеулі адамдарды жұмысқа орналастыру қажеттігі мәселелері бойынша бірлескен пікірсайыс болды. 

Сенаторлар Страсбургтегі сессия аясында Люксембург және Молдова парламенттік делегацияларының басшылары Г.Граас пен М.Лупумен, Болгария делегациясы төрағасының орынбасарлары Х.Хамид пен В.Жабляновпен, Бельгия сенаторы П.Де Суттер және Армения Ұлттық жиналысының депутаты О.Игитянмен кездесулер өткізді.