Қазақстан • 29 Қаңтар, 2019

Қызылордада қар астында қалғандар құтқарылды

455 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қызылордалық полицейлер А-17 тас жолында боранда қалып қойған 30-дан астам автокөліктің жүргізушілері мен жолаушыларын қар құрсауынан құтқарды.

Қызылордада қар астында қалғандар құтқарылды

28 қаңтарда «Қызылорда-Павлодар-Успенко» республикалық маңызы бар тас жолының 12 шақырымында Облыстық Полиция департаменті ЖПҚБ патрульдік-полиция ротасының қызметкерлері полиция аға лейтенанты Қайрат Ахметов, полиция лейтенанты Нұрбек Алтыбаев және взвод командирі полиция капитаны Мақсат Нарманов қызмет өткеру барысында сағат 20-40 шамасында Қызылорда қаласынан келе жатқан «Тойота-Камри» автокөлігі тоқтап, жүргізушісі «Астана-Қызылорда» бағытындағы рейстік автобус кешігіп жатқандығын атап көрсеткен.

Полиция қызметкерлері дереу сұрастыру жұмыстарын жүргізіп республикалық тас жолында 25 шақырымынан бастап ұялы телефон байланысы жоқтығын ескеріп, кезекші бөліміне хабарласып жолға шыққан.

Аралау барысында, аталған тас жолдың 198 шақырымында жолда боран болып, жолдың қар құрсауымен жабылғанын байқаған соң, сол жерде Төтенше жағдайлар департаментінің «Камаз» автокөлігімен бірлескен түрде тас жолды аралау жұмыстарын жүргізген.

Нәтижесінде, тас жолдың 205 шақырымынан бастап, Қарағанды облысының аумағындағы 225 шақырымы аралығында тұрып қалған «Астана-Қызылорда» бағытындағы рейстік автобусы 18 жолаушысымен, одан бөлек 5 кіші сыйымдылықты автобустар, 11 жүк автокөліктері, 15 жеңіл автокөліктерінің жолаушылары мен жүргізушілеріне көмек көрсетіліп, «КазАвтоЖол», Төтенше жағдайлар департаменті қызметкерлерімен бірлесіп Қызылорда қаласына жеткізілді.