Қазақстан • 29 Қаңтар, 2019

Петербург зауыты Қостанайда энергия үнемдейтін тракторлар шығарады

563 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Бүгін Үкімет үйінде ҚР Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары Асқар Мамин «Петербург трактор зауыты» АҚ директоры Сергей Серебряковпен кездесу өткізді.

Петербург зауыты Қостанайда энергия үнемдейтін тракторлар шығарады

Кездесу барысында ҚР мен РФ ауыл шаруашылығы машинасын жасау саласындағы ынтымақтастық перспективалары, Қостанай қаласында «АгромашХолдинг KZ» АҚ алаңында ресейлік «Кировец» тракторларының өндірісін орналастыру мәселелері, сондай-ақ, жерсіндіру мен компоненттер өндірісін орналастыруды тереңдету келешегі талқыланды.

Зауыттың бас директоры Сергей Серебряков «АгромашХолдинг KZ» АҚ-да тек тракторлар өндірісін ұйымдастыруда ғана емес, сонымен қатар кардан білігі және дөңгелек дискілері секілді компоненттер өндірісін ұйымдастыруда да ынтымақтастық орнатуға қызығушылық танытты.

«Петербург трактор зауыты» АҚ "АгромашХолдинг KZ" АҚ қауыттылықтарында энергия үнемдеуші тракторлар шығаруға ниетті», — деді Сергей Серебряков.

Жақында «Петербург трактор зауыты» АҚ басшысы Қазақстандағы ауыл шаруашылығы техникасының жетекші өндірушісі «АгромашХолдинг КZ» АҚ, «СарыарқаАвтоӨнеркәсіп» ЖШС ұлттық автошығарушысы, сондай-ақ Қостанайдағы Индустриялық аймақтың өндіріс алаңдарының әлеуетімен танысты.

Қазақстанда «ПТЗ» АҚ өнімдері көпшілікке танымал. Мәселен, 2014 жылдан бастап 2017 жылға дейінгі кезеңде Қазақстанда 500-ге жуық «Кировец» сатылды. ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің мәліметіне сәйкес, жыл сайынғы сұраныс шамамен 1600 бірлік тракторды құрайды.

Петербург трактор зауыты — 1801 жылы негізі қаланған Ресейдің бұрыннан келе жатқан машина жасау кәсіпорындарының бірі – «Киров зауытының» еншілес кәсіпорны. 2014 жылы К-744Р сериясының «Кировец» ауыр ауыл шаруашылығы тракторларының жаңартылған түрі өндіріске шығарылды. Бүгінде зауыт қуаттылығы 300-тен 450 л.с. дейін К-744Р сериялы «Кировец» ауыл шаруашылығы тракторларының 8 түрін, «Кировец» өндірістік тракторлары негізінде жасалған жол-құрылыс және арнайы машиналардың 17 түрін шығарады.