Аймақтар • 30 Қаңтар, 2019

Атырауда енді Әбіш Кекілбаев мектебі бар

738 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Атырау облысындағы бірқатар білім беру және мәдениет мекемелеріне жаңа атаулар берілді.

Атырауда енді Әбіш Кекілбаев мектебі бар

 ҚР Премьер-министрі Бақытжан Сағынтаевтың қолы қойылған ҚР Үкіметінің Қаулысында мұнайлы өңірдегі мекемелер де аталады. Мысалы, Исатай ауданындағы «Чапаев атындағы жалпы білім беретін бастауыш мектеп» енді қазақтың ұлы ақыны Жамбылдың есімімен аталатын болады. Ал Тұщықұдық ауылындағы мәдениет үйі  «Нариман Үлкенбайұлы атындағы мәдениет үйі» деп аталады.

Махамбет ауданындағы Чкалов атындағы орта мектеп Ахмет Байтұрсынұлының есімін иеленді. Индер ауданындағы «Гребенщик орта мектебі» атауы «Әбіш Кекілбайұлы атындағы орта мектеп» болып өзгерді.

Үкімет Қаулысымен «Атырау аграрлы-техникалық колледжіне мемлекет және қоғам қайраткері Оңайбай Көшековтің есімі берілді.

Ел дамуына ерекше үлес қосқан тұлғалардың есімдерін ұмытпай, ұлықтау - рухани жаңғырудың бір көрінісі.

Бақытгүл БАБАШ,

«Egemen Qazaqstan»

АТЫРАУ