Қазақстан • 30 Қаңтар, 2019

Қазақстандықтар «7-20-25» үлгісімен отандық көліктерді несиеге алады

593 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Үкіметтің кеңейтілген құрамдағы отырысында Ұлттық банк төрағасы Данияр Ақышев Ұлттық банк Қазақстан азаматтары отандық көлік сатып алатындай жедел түрде бағдарлама әзірлеп, несие беруге дайын екенін мәлімдеді.

Қазақстандықтар «7-20-25» үлгісімен отандық көліктерді несиеге алады

«Өткен жылы «7-20-25» бағдарламасын іске қосқан едік. Ендігі кезекте несие беру ауқымын кеңейтуді жоспарлап отырмыз. 2019 жылы Ұлттық банк Қазақстан азаматтары отандық көлікті сатып ала алатындай жедел түрде бағдарлама әзірлеп, несие беруге дайын отыр. Бағдарлама нарықтың қағидаттарына сай түзіледі. Банктер арқылы «7-20-25» бағдарламасының үлгісіне сүйене отырып жұмыс жүргізу жоспарлануда», - деді Данияр Ақышев.

Оның айтуынша, көлік құрастыру саласы құрылыс саласы секілді жоғары технологиялық, экономикаға мультипликативтік қайтарымы бар, капиталы ауқымды сала. 

Айта кету керек, бүгін Елбасының қатысуымен Үкіметтің кеңейтілген отырысы өтіп жатыр.