Қазақстан • 30 Қаңтар, 2019

Елбасы: Ауыл шаруашылығына қажетті қаражат бөлінуі тиіс

534 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Үкіметтің кеңейтілген құрамдағы отырысында Мемлекет басшысы ауыл шаруашылығы саласына қажетті қаражатты бөлуді тапсырды.

Елбасы: Ауыл шаруашылығына қажетті қаражат бөлінуі тиіс

«Ауыл шаруашылығы саласы болашақта экономиканы дамытудың негізгі драйвері болатынын үнемі айтып жүрміз. Барлық елдер өздерінің жерлерін игеріп болды. Осы орайда, технологиялық жетістіктердің ең жоғары шыңына шықты. Дүние жүзіндегі игеруге болатын қалған жер Қазақстан, Ресей, Украинада қалды», - деді Елбасы.

Бұдан әрі Нұрсұлтан Назарбаев елдегі ауыл шаруашылығы жерлерін тиімді пайдалану қажет екенін айтты. 

«Егер де барлық елдер АҚШ-тағы секілді азық-түлікті көбірек тұтынатын болса, әлемдегі азық-түлік 2,5 млрд адамға ғана жетеді. 2040 жылы Жер бетінде 8,9 млрд халық болады. Сондықтан ауыл шаруашылығы өнімдеріне сұраныстың артуына байланысты барлығы бізге келеді. Осы үрдістерге дайындалу керек. Ауыл шаруашылығы саласының әлеуетіне жекелей қарау қажет. Қанша қаржы керек болса, соны берейік. Бірақ нақты нәтижеге қол жеткізу керек», - деді Мемлекет басшысы. 

Бұл мәселені қадағалауды Елбасы Премьер-Министр Бақытжан Сағынтаевқа тапсырды.

Маржан ТІЛЕУБЕК,

«Егемен Қазақстан»