Жеңіл атлетика • 30 Қаңтар, 2019

Астанада көркем гимнастикадан жастар арасындағы ел біріншілігі басталды

498 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

30 қаңтар мен 1 ақпан аралығында көркем гимнастикадан жастар арасындағы Қазақстан біріншілігі өтеді деп хабарлайды Olympic.kz.

Астанада көркем гимнастикадан жастар арасындағы ел біріншілігі басталды

Жарысқа еліміздің 14 облысы мен Астана, Алматы, Шымкент қалаларынан спортшылар қатыспақ. 

Жекелей сында 106 гимнаст бақ сынаса, топтық жаттығуда 30 команданың өнерін тамашалаймыз. 

Сеньорлар сынында 2003 жылғы және одан да үлкен қыздар, спорт шеберлері сынға түседі.  Жасөспірімдер додасында 2004-2006 жылғы спорт шеберлігіне үмітке жеткіншектер жүлдеге таласады. 

Чемпионаттың ашылу салтанаты 30 қаңтар күні 12.00-де басталды.