Ауыл • 30 Қаңтар, 2019

Семей жастары халықаралық «АКМЕ» клубында ой бөлісті

662 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

«Жастар жылы аясында Семей қаласы ішкі саясат бөлімінің қолдау көрсетуімен Шәкәрім университеті шаңырағында «AKME» халықаралық ағартушылық клубы «Open space: jastar kózimen» атты еркін диалогтық алаң ұйымдастырды.

Семей жастары халықаралық «АКМЕ» клубында ой бөлісті

Жиынға жоғары және орта арнаулы оқу орындарының студент жастары, ұстаздар ұжымы мен зиялы қауым өкілдері қатысты. Шәкәрім университетінің ректоры, профессор Мейір Ескендіров жиын барысында маңызды ой-пікірлерімен бөлісіп, жастардың барлық бастамаларын бірауыздан қолдайтынын жеткізді. Студент жастар да белсенділік танытып, өздерінің ұсыныс-пікірлерін ортаға салды.

Семейдегі Жастар ресурстық Орталығының директоры Олжас Соғымбай алдағы уақытта атқарып жатқан жұмыстар легіне тоқталды.

- Жастар кез келген қоғамның болашағы мен қозғаушы күші болып саналады. Бұл дегеніміз мемлекеттің тұрақты дамуының негізгі бәсекеге қабілетті жастар буыны деген сөз. Барлығы да қазақстандықтардың білім мен білік саласына,олардың ұмтылысы мен ынтасына байланысты.Сондықтан да мемлекеттік саясаттың негізгі бағытының бірі жастар секторы. Жастар секторына Қазақстанда айрықша назар аударылады,- деді ол.

«Жастар жылы» бізге ерекше қажыр-қайрат береді, деген Ресурстық Орталықтың маманы Думан Кенжеғазин де жиынға белсене атсалысты.

-Менің ойымша Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев бізге үлкен мүмкіндіктер,биік армандар беріп отыр. Мысалға алатын болсақ, 2020 жылға дейін 77 мың орынға арналған жатақханалар салынады, «Жасыл қала», «Жасыл ауыл» жалпыұлттық жобасы бастау алды. Ерікті ретінде қоғамға пайдалы қызмет көрсетіп жүрген студенттердіғң шәкіртақысына 30% артады және де тағы басқалары,-деді Шәкәрім атындағы университеттің студенті Гүлім Чаки,-«2019 жыл - Жастар жылы»деп жарияланды. Біз үшін үлкен мәртебе екендігімен келісемін,себебі жыл айын жастарға көптеген қолдаулар көрсетіліп, жеңілдіктер беріледі. Бірақ осы жылы жастардың мүмкіншіліктері екі есе артатыны сөзсіз.

Раушан ҚАБЖАНҚЫЗЫ

«Егемен ҚАЗАҚСТАН»

Суретті түсірген автор

Семей