Қазақстан • 31 Қаңтар, 2019

Астанада бірінші кезекте газ тартылатын аудандар белгілі болды

382 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Астанада бірінші кезекте газ тартылатын аудандар белгілі болды. Бұл туралы елорда әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.

Астанада бірінші кезекте газ тартылатын аудандар белгілі болды

«Астананы газдандыру жобасы 3 кезектен тұрады. Бірінші бөлікте газ беру АГРС-1, ЖЭО-1 және ЖЭО-3 (су жылытқыш қазандар және мазут қазандары), су жылытқыш қазандар АГТС-2 және ТЭЦ-2 (2-ші ӨК) жүзеге асырылатын болады», - деп мәлімдеді сәрсенбі күні отын-энергетикалық кешен және коммуналдық шаруашылық басқармасында.

Екінші кезекте Мичурино, Интернациональный, Күйгенжар және Промышленный, Тельман, Пригородный, Garden Village, Family Village тұрғын алаптарын газ отынына ауыстыру жоспарлануда. Үшінші кезекте Ильинка,Шұбар, Өндіріс тұрғын алаптары газдандырылатын болады.

«Осы жылдың ІІ тоқсанында І кезектегі газ тарату желілерінің құрылысы басталады деп жоспарлануда. Қаржыландырудың бөлінуіне қарай Көктал-1,2, Теміржол және Оңтүстік-Шығыс тұрғын үй алаптары 2019-2023 жылдар аралығында газдандырылмақ. Астананы газдандыру республикалық және жергілікті бюджет, сондай-ақ жеке инвестициялар қаражаты есебінен жүзеге асырылғалы отыр. Қаланы газдандыру шеңберінде Астана әкімдігінің құзыретіне газ тарату желілерінің құрылысы кіреді», - делінген хабарламада.