31 Қаңтар, 2019

Париждегі турнирде 15 балуанымыз белдеседі

520 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Дзюдодан Қазақстанның ұлттық құрамасы 9-10 ақпан аралығында Парижде өтетін «Grand Slam» турнирінде күш сынасады. Бұл – отандық дзюдошыларымыз үшін биылғы маусымдағы алғашқы жарыс.   

Париждегі турнирде 15 балуанымыз белдеседі

Командамыздың бас бапкері Айдын Смағұлов осы маңызды жарысқа 14 шәкіртін апаруды ұйғарған екен. Франция астанасында белдесетіндер қатарында әлем чемпионы Елдос Сметов (60 кило), әлем чемпионатының күміс жүлдегері Ерлан Серікжанов (66 кило), Азия ойындарының жеңімпазы Дидар Хамза (81 кило) сынды атақты балуандар бар.

Сондай-ақ, Ғұсман Қырғызбаев (60 кило), Әбілқайыр Мәуленин (66 кило), Жансай Смағұлов (73 кило), Әзиз Қалқаманұлы (90 кило), Ислам Бозбаев (90 кило), Әділхан Қозыбаев (100 кило), Айбек Серікбаев (100 кг) және Ерасыл Кажыбаев (+100 кило) сынды жігіттердің де талай дүбірлі додаларда жүлде алды.

Ал ұлттық құраманың қатарына енді ғана қосылған Ақылбек Серік (73 кило), Руслан Мұсаев (81 кило) және Әділ Оразбаев (+100 кило) үшін бұл алғашқы үлкен сынақ болмақ.  

Әйелдер арасындағы бәсекеде бір ғана спортшымыз бақ сынайды. Ол – аса жеңіл салмақтағы Рио Олимпиадасы, Азия ойындары, Дүниежүзілік Универсиада және әлем чемпионатының жүлдегері және Азия чемпионы Отгонцецег Галбадрах.

Ғалым СҮЛЕЙМЕН,

«Egemen Qazaqstan»