Қазақстан • 31 Қаңтар, 2019

Ертең теннисшілердің Дэвис кубогы басталады

370 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ертең Астанада Дэвис кубогының іріктеу турнирі басталады. Әлемдік топқа жолдама алу үшін Қазақстан мен Португалия құрамалары өзара шеберлік байқасады. 

Ертең теннисшілердің Дэвис кубогы басталады

Бүгін жеребе тарту рәсімі өтті. Соған сәйкес алғашқы кездесулер Александр Бублик (АТР №171) пен Жоау Соуза (АТР №39) және Михаил Кукушкин (АТР №55)  мен Педро Соуза (АТР №101) арасында өтеді. 2 ақпанда Александр Недовесов (АТР №191) пен Ринат Хабибулин және Жоау Соуза мен Гаштау Элиаш (АТР №246) жұбы сайысқа түседі. Егер осы бәсекелер барысында жеңімпаз анықталмаса, онда Михаил Кукушкин мен Жоау Соуза және Александр Бублик пен Педро Соуза күш сынасады.

Айтулы бәсекеде бағы жанған команда Дэвис кубогының негізгі жарысына қатысу құқығына ие болады. Қазірдің өзінде сондай мүмкіндікке Хорватия, Франция, Испания, АҚШ, Аргентина және Ұлыбритания құрамалары ие болып отыр.

Ғалым СҮЛЕЙМЕН,

 «Egemen Qazaqstan»