Қазақстан • 31 Қаңтар, 2019

Ұлы дала тарихы – ұлт болмысы!

1588 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Елбасының «Ұлы даланың жеті қыры» атты бағдарламалық мақаласы нақты ғылыми деректерге сүйене отырып, жаһандық тарихтағы өз ұлтымыздың рөлін байыппен, дұрыс пайымдауға үндейді.

Ұлы дала тарихы – ұлт болмысы!

Бұл бағытта өңірде нақтылы жұмыс басталып та кетті. Әсіресе, тарихшылар мен ғалымдар ел тарихындағы ақтаңдақ беттерді шынайы тұрғыдан жазып, есімдері аталмай кеткен, ұлт зиялыларын таныту бағытында көп еңбектенуде. Сонымен қатар, Шоқан Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университеті бауырлас мемлекеттердің жоғары оқу орындарымен өзара әріптестік туралы келісім-шарттарға қол қоюда.  

Мерием Хәкім Түркияда туған қазақ. Бүгінде Анкара университетіндегі түрік дүниесін зерттеу институтының директоры. Сонымен қатар мәдениет зерттеушісі, ғалым. Елбасының «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаласымен танысқан ол, түркі халықтарының көне мәдениетінің көптеген өзгешеліктерін зерттеп, қайтадан әлем назарына ұсынған дұрыс деп санайды.

–2018 жылдың соңғы айларында Президенттің «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласы шыққан кезде дереу оқыдым. Өзім ұзақ жылдар бойы мәдениет тарихы пәнін оқытамын. Елбасы «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласында көрсетіп отырған қырлары, әлем өркениетіне ұмтылуға меңзеген ишарасы деп түсінемін. Жалпы, Еуразия кеңістігіндегі түркі халықтарының көне тарихынан, мәдениетін көптеген өзгешеліктерін зерттеу, қайтадан әлем назарына ұсыну, бүкіл әлем жұртшылығына жариялау,–дейді әлеуметтану ғылымдарының докторы Мерием Хәкім.

Қазақстан тарихын зерттеу мен елдің мәдени мұрасын паш етуге бағытталған жаңа, күрделі жобаларды сапалы етіп орындау – Ұлы дала елдерінің тарихи рөлін тануға және Қазақстанның рухани-идеологиялық дамуына септігін тигізері сөзсіз.

Байқал БАЙӘДІЛ,

«Egemen Qazaqstan»

Ақмола облысы