Аймақтар • 31 Қаңтар, 2019

Астана қаласының Есіл ауданында жаңа жолдар салынады

742 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Есіл ауданының әкімі Төлеген Закарьянов халықпен кездесуінде жаңа жолдар салынып, аулалар абаттандырылып, жарықтандыру жұмыстары жүргізіліп жатқанын айтты. Бұл туралы Астана әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Астана қаласының Есіл ауданында жаңа жолдар салынады

«Ағымдағы жылы Тұран даңғылынан Нұра - Есіл арнасына дейінгі учаскеде №31 көшенің, Тұран даңғылынан №37 көшеге дейінгі учаскедегі № 26 көшенің, сондай-ақ Тұран даңғылынан Бейсекова көшесіне дейінгі учаскеде Хусейн бен Талал көшесінің, Мәңгілік Ел даңғылынан Тәуелсіздік даңғылына дейінгі учаскеде №29 көшенің, Тұран даңғылынан «САТ Констракшн групп» МТЖ-ға дейінгі учаскеде Е22 көшенің және Е10, Е30, Е15, Е25 көшелерінің құрылысы жоспарлануда. Бұдан өзге, №199, Е16, Е41, Е17 шекараларындағы көшелер, Тәуелсіздік даңғылы бойындағы Есіл өзені арқылы өтетін көпір және Орынбор көшелері шекарасындағы№ 39, № 26, №31 ( № 37, 38, 28 көшелері) тұрғын үй алабы жолдарының құрылысы жоспарланып отыр. «Астана қаласының оңтүстік-батыс айналма жолы» жобасының құрылысы жүзеге асырылуда.

Оның аясында Астана дамуының бас жоспарында көзделген к-1 айналма жолының бір бөлігі болып табылатын учаске құрылатын болады. Бұл қала арқылы өтетін автокөлік құралдарының ағындарын елорданы айналып өтуге мүмкіндік береді, сондай-ақ жүк көлігін қаладан тыс жерлерге шығарып, елордада көлік ағынын жеңілдетеді», – деді Т. Закарьянов.

Автомагистраль төрт бөлікке бөлінген және ол 3 көпір мен 4 көлік айырығын қамтиды. Бұдан басқа, ағымдағы жылы аудан билігі ауданның тұрғын алаптарында 29 көшені жарықтандыруды, 15 орамішілік өтпе жолдардағы шұңқырларды жөндеуді, 10 тұрғын үй кешеніне жаңа декоративтік жарықтандыру орнатуды және 10 аула аумағына кешенді абаттандыруды жүргізуді жоспарлап отыр.