Аймақтар • 01 Ақпан, 2019

БҚО-дағы су тасқынына дайындық барысы

408 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Көктем жақындаған сайын, өзімен бірге көктем өзекті мәселелерін де ала келеді. Соның ішінде Батыс Қазақстан облысы бойынша көктемгі су тасқынын апатсыз өткізу мәселесі. Бүгінгі таңда Департамент қызметкерлері барлық деңгейдегі жергілікті атқарушы органдармен бірлесе отырып су тасқынының алдын алудың кешенді іс-шараларын ұйымдастыруда.

БҚО-дағы су тасқынына дайындық барысы

Ағымдағы жылдың 30 қаңтарында Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Төтенше жағдайлар комитетінің 2018 жылғы 22 қаңтардағы №14 және Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің 2018 жылғы 22 қаңтардағы №69-Ө бірлескен бұйрығына сәйкес су тасқынын болжауды жақсарту және болжамдық деректерді дайындау мақсатында "Қазгидромет" РҚК филиалы өкілдері ТЖ департаменті қызметкерлерімен бірлесіп Тасқала  және Бәйтерек аудандарында Деркөл өзеніндегі қар жамылғысының биіктігі мен қардағы судың қорын анықтау бойынша бірлескен шығуларды жүзеге асырды.

Бәйтерек ауданы Переметное ауылында қардың қалыңдығы 45 см (норма 20 см), қардағы судың қоры 99 мм (норма 68 мм), орташа тығыздық 0,23 г/см3. Тасқала ауданы Бастау ауылында қардың қалыңдығы 50 см (норма 20 см), қардағы судың қоры 115 мм (норма 68 мм), орташа тығыздық 0,23 г/см3.

Жұмыс тобының шығуы Департаменттің Жедел-құтқару жасағының жоғары өткізгіш техникасымен жүзеге асырылады. Сонымен қатар, жұмыс тобының құрамына жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.

Облыс аумағында су тасқынының қаупі бар аудандық кешендердің учаскелерін тексеру жұмыстары жалғасуда.