Спорт • 01 Ақпан, 2019

Дэвис кубогы: Қазақстан Португалиямен кездесуде жеңіске жетті

543 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Астанада Дэвис Кубогының Қазақстан-Португалия  арасындағы бірінші матчы басталды.

Дэвис кубогы: Қазақстан Португалиямен кездесуде жеңіске жетті

Ойынның бірінші бөлігінде кортқа Александр Бублик (АТР рейтингісінде 171 орын) және Жоау Соуза (39) шықты. Үш сеттің қорытындысы бойынша қазақстандық спортшы 6:7, 6:4, 6:4 есебімен жеңіске жетті. Осылайша, біздің құрама команда матчтық кездесуде 1:0 есебімен алға шықты.

Бүгін Михаил Кукушкин мен Педро Соуза күш сынасатын екінші кездесу өтеді. Дэвис Кубогының финалдық ойыны 18-24 қараша күндері Мадридте өтеді.