Футбол • 04 Ақпан, 2019

Футбол: Қазақстан ұлттық құрамасына шақырылған ойыншылар белгілі болды

1003 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері, чехиялық маман Михал Билек кеңейтілген тізімге енген футболшылардың тізімін жария етті. Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлады.

Футбол: Қазақстан ұлттық құрамасына шақырылған ойыншылар белгілі болды

Қазақстан футбол федерациясының сайтынан алынған мәліметке қарағанда, тізімге барлығы 36 ойыншы енген.

Қақпашылар: Владимир Плотников, Стас Покатилов (екеуі де - «Қайрат»), Марсель Исламқұлов («Қайсар»), Дмитро Непогодов («Ордабасы»).

Қорғаушылар: Темірлан Ерланов («Ордабасы»), Юрий Логвиненко, Сергей Малый, Дмитрий Шомко, Абзал Бейсебеков (барлығы - «Астана»), Айбол Әбікен, Нұралы Әліп, Елдос Ахметов, Александр Соколенко, Ғафуржан Сүйімбаев (барлығы - «Қайрат»), Дәурен Мәжитов («Атырау»), Карам Сұлтанов («Қызылжар СК»), Дмитрий Мирошниченко («Тобыл»), Александр Марочкин («Қайсар»).

Жартылай қорғаушылар: Исламбек Қуат, Георгий Жуков, Еркебұлан Тұңғышбаев, Ян Вороговский, Магомед Парагульгов, Бауыржан Исламхан (барлығы - «Қайрат»), Юрий Перцух, Серікжан Мужиков (екеуі де - «Астана»), Максим Федин («Тобыл»), Александр Меркель («Хераклес», Голландия).

Шабуылшылар: Еркебұлан Сейдахмет («Уфа», Ресей), Алексей Щеткин («Ордабасы»), Роман Муртазаев, Сергей Хижниченко (екеуі де - «Астана»), Бауыржан Тұрысбек («Тобыл»), Владислав Васильев («Энергетик-БГУ», Беларусь), Акмаль Бақтияров («Сочи», Ресей), Оралхан Өміртаев («Шахтер»).

М.Билек футболдан 2020 жылғы Еуропа чемпионатына іріктеу кезеңіне дайындық барысында Түркиядағы оқу-жаттығу жиынында Молдовамен кездесу өтетінін, сонда құрама ойыншыларын байқап көретінін, олардың бәріне де мүмкіндік беріліп отырғанын мәлімдеді.

Бұл жолы «Астана» клубының қорғаушысы Евгений Постников пен жуырда ресейлік «Ростов» командасына ауысқан Бақтиер Зайнутдиновтің құрамаға неліктен шақырылмағаны белгілі болды. Е.Постников жарақатынан емделуде. Ал жартылай қорғаушы Б.Зайнутдиновті «Ростовтың» Ресей кубогы үшін ойыны өтетіндіктен, команда басшылығы босатпаған.

Айта кетейік, Михал Билек осының алдында бас бапкер міндетін атқарған болгариялық маман Станимир Стоиловты ауыстырған болатын.азақстан құрамасы 2020 Еуропа чемпионатына іріктеу турнирінде I тобында Бельгия, Ресей, Шотландия, Кипр және Сан-Марино командаларымен ойнайды. Қазақстандықтар алғашқы матчын 21 наурыз күні өз алаңында Шотландиямен өткізеді.