Кино • 04 Ақпан, 2019

«Кек алушылар 4: Финал» фильмінің жаңа трейлері жарияланды

5400 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
«Кек алушылар 4: Финал» фильмінің жаңа трейлері жарияланды

«Кек алушылардың» төртінші бөлімінде нақты қай қаһармандардың аман қалатыны әзірге белгісіз. Түсірілім барысынан тараған суреттерге қарағанда Қара Пантера, Өрмекші адам, Галактика сақшылары, Доктор Стрэндж және де әлі ресми таныстырылмаған Капитан Марвел сынды кейіпкерлер кезекті туындыда басты рөлдерде ойнайды. Бұл жолы кек алушылар тобы шексіздік тастарын толығымен жинау үшін өткенге аттанады. Бұдан әрі олар Таностың зұлым әрекетін тоқтатып, әлемнің тағдырын өзгертуге тырысады. Фильмнің тұсаукесері 4 сәуірде өтеді.