Спорт • 04 Ақпан, 2019

Теннистен Федерация кубогының кестесі белгілі болды

297 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Алдағы күндері Астанадағы Ұлттық теннис орталығында Федерация кубогының бірінші тобындағы, яғни Азия мен Мұхит жағалауы аймағы бойынша өтетін іріктеу жарысының жалауы желбірейді.  

Теннистен Федерация кубогының кестесі белгілі болды

Айтулы жарыстың ойын кестесі мынадай:

6 ақпан

Қазақстан – Таиланд 
Қытай – Мұхит жағалауы
Оңтүстік Корея – Индонезия

7 ақпан

Қытай – Оңтүстік Корея
Үндістан – Таиланд 
Индонезия – Мұхит жағалауы

8 ақпан

Қазақстан – Үндістан 
Қытай – Индонезия 
Оңтүстік Корея – Мұхит жағалауы

9 ақпан

Финалдық сайыс 

Естеріңізге сала кетейік, Астанадағы іріктеу турнирінде топ жарған команда ғана плей-офф додасына жолдама алады. Федерация кубогы жолындағы жарыста Қазақстанның туы астында Юлия Путинцева, Зарина Диас, Галина Воскобоева мен Анна Данилина жұбы және  Гюзаль Айнитдинова сынды теннисшілер өнер көрсетеді.

Ғалым СҮЛЕЙМЕН,

«Egemen Qazaqstan»