Қазақстан • 04 Ақпан, 2019

Мәжіліс депутаттары жастар өкілдерімен жүздесті

597 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Парламент Мәжілісінің вице-спикері, «Нұр Отан» партиясының фракция жетекшісі Гүлмира Исимбаева, Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің төрайымы Гүлнәр Ыхсанова және Мәжіліс депутаттары Дархан Мыңбай, Бекболат Тілеухан Алматыға жұмыс сапары барысында жастардың Лофр орталығында болды.

Мәжіліс депутаттары жастар өкілдерімен жүздесті

Бұл Лофт орталығы жас таланттардың өз армандарын іске асыруға мүмкіндік беретін ашық алаң саналады. Онда  «бір терезе» қағидаты бойынша  жұмыс істейтін бірнеше сала біріктірілген мемлекеттік тілде оқыту, English club, жас суретшілер, жатақханалар кураторлығы, workout-center, сондай-ақ ауылдан келген жастарды  бейімдеу Орталықтары  тұрақты қызмет көрсетеді.. IT-мамандар, жас фрилансерлер, дизайнерлер мен болашақ  бастамаларын іске асыру үшін пайдалана алады.Бір қызығы жатақханаларды қадағалау орталығы  жоғары оқу орындарымен жұмыс істеуге жатақханалар мен олардың жас тұрғындарыны мәселелерінің шешілулеріне   көмектеседі. Осындай жастар орталықтары Алатау мен Наурызбай аудандарында да ашылды. Өткен жылдың өзінде 8 мыңнан астам  жастар тұрақты жұмысқа орналасты.

Кездесу барысында Гүлмира Исимбаева Елбасы жариялаған «Жастар жылы» аясында әр салада қолға алынған ауқымды бастамаларды іске асыруда  олардың ерекше маңызды  рөль атқаратынын атап өтті.

Жүздесу барысында жастар өкілдері IT-мамандары –«NS Labs» серіктесініңбас директоры, Startup Айбек Рақым, «Еріктілер лигасы»қоғамдық қорының төрайымы  Айсұлу Ерниязова , «Жастар Үні» қоғамдық бірлестігінің жетекшісі Дәурен Бабамұратов  өздерінің интеллектуальды бағыттағы жаңа багдарламаларымен таныстырды.

Халық қалаулылары сол күні  шаһардағы  Урбанистика орталығына барып, жас IT мамандарымен кездесті. Бұл ғимаратта Алматы қаласының даму орталығы,Алматы қаласы әкімдігінің  «Open Almaty» қоғамдық қабылдау бөлмесі, «Алматыбасжоспар» және тағы басқа да мекемелер орналасқан. Урбанистика орталығы қаланы қоршаған ортаны дамыту  және қаланы жақсарту аясында көзделген жобаларды, түрлі шараларды әзірлеу үшін тұрғындар  мен қала әкімшілігінің басын қосатын ашықдиалогтық алаң болып табылады.

Жастармен жылы жүзді жүздесу кезінде «MBionics»ЖШС директоры Мәулен Бектұрғанов, ноталық сауаттылықты ашу және музыкалық аспаптарда ойнауды үйрететін интернет порталды ұйымдастырушы Ақниет Бахтияр, Zero to one Iab ( мобилдік қосымшалармен компаниясының) теңтөрағасы Алмас Тұяқбаевтар «Жастар жылына» арналған жаңа жобаларын ұсынды.

Жастармен әңгіме барысында  Мәжіліс депутаттары олардың сұрақтарына толықтай жауап берді.  

Сапарбай ПАРМАНҚҰЛ,

«Egemen Qazaqstan»

АЛМАТЫ