Қазақстан • 05 Ақпан, 2019

Дүйсенбіде елордаға 400 тоннадан астам көмір жеткізілді

787 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

4 ақпандағы жағдайға сәйкес елордадағы қатты отынның жалпы қоры 12 922,38 тоннаны құрайды. Бұл туралы Астана қаласы әкімдігінің ресми сайты хабарлады.

Дүйсенбіде елордаға 400 тоннадан астам көмір жеткізілді

Дүйсенбіде елордаға «Шұбаркөл» маркалы көмірдің 414 тоннасы жеткізілді. Ал көмір бағасы төмендегідей:

«Шұбаркөл» тоннасы – 11300 теңге,

«Қаражыра» тоннасы – 13 200 теңге,

«Майкөбе» тоннасы – 12 000 теңге,

«Богатырь көмірі» тоннасы – 9000 теңге,

«Кузнецкий» тоннасы – 12 250 теңге. 

Астана қаласының отын-энергетикалық кешені және коммуналдық шаруашылық басқармасы баға өсімінің алдын алу үшін көмір сатушылармен меморандумдарға қол қойды. 2018 жылдың 1 тамызынан 3 қаңтарға дейін 339,5 мың тонна сатылды. Бүгінгі күні, көмір нарығында жағдай қалыпты, проблемалық мәселелер жоқ.

Астана қаласы әкімдігінің көмір нарығындағы жағдайды күн сайын мониторингтен өткізіп, өз бақылауына алған. «I-Kөмек 109» негізінде тұрғындарға арналған жедел желі құрылды.