Қазақстан • 05 Ақпан, 2019

Мәдина Әбілқасымова өрттен көз жұмған балалардың ата-анасына көңіл айтты

428 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Мәдина Әбілқасымова өрттен қаза тапқан 5 баланың ата-анасына барып, көңіл айтты. Бұл туралы бүгін Үкімет отырысынан кейін Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Светлана Жақыпова айтты.

Мәдина Әбілқасымова өрттен көз жұмған балалардың ата-анасына көңіл айтты

«Біз, министрлік өкілдері қара жамылған отбасына барып, көңіл айттық. Кеше бардық. Министрдің (Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Әбілқасымова) өзі де барды», - деді Светлана Жақыпова.

Айта кету керек, бүгінгі Үкімет отырысына министр қатысқан жоқ. Оның орнына Премьер-Министрдің алдында вице-министр Светлана Жақыпова есеп берген еді. Вице-министрдің сөзіне қарағанда, министр М.Әбілқасымова өткен аптадан бері сырқаттануына байланысты ем алып жатыр.

Соңғы жаңалықтар