Аймақтар • 05 Ақпан, 2019

Өткен тәулікте 16 мың текше метрден астам қар жиналды

366 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

5 ақпан қаланы қардан тазалауға 288 жұмыскер шықты. Бұл туралы Астана қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады. 

Өткен тәулікте 16 мың текше метрден астам қар жиналды

Қар тазалау жұмыстарына мамандандырылған техниканың 342 бірлігі жұмылдырылды. «Қарды тазалауға 148 бірлік самосвал, 38 бірлік фронтальды жүк тиегіш, 65 бірлік сыпыру-жинау машинасы, 27 бірлік тротуар жинау техникасы, 17 бірлік құм шашқыш, 22 бірлік автогрейдер, 21 бірлік қар тиегіш, 4 бірлік ротор жұмылдырылды» деп хабарлады «Астана Тазалық» ЖШС. 5 ақпан жалпы  16 408 текше метр қар қала сыртына шығарылды. Ал 16 қазан мен 5 ақпан аралығында шығарылған қардың жалпы көлемі 1 571351 текше метрді құрайды.